Президенттің ауыл шаруашылығы саласына қатысты айтқан бастамалары өте өзекті. Қазақстанның ауқымды егістік жерлері мен экспорттық әлеуетін тиімді пайдалану – экономиканы әртараптандырудың маңызды бағыты.
Америкалық компаниялардың озық технологияларын тарта отырып, отандық өндірісті жаңғырту еліміздің ауыл шаруашылығы өнімдерін халықаралық деңгейде бәсекеге қабілетті етеді.
Әсіресе орнықты даму, су ресурстарын үнемді пайдалану және цифрландыруға басымдық беру – уақыт талабы. Агроинновациялық бағдарлама Қазақстан мен АҚШ арасындағы серіктестікті жаңа сапалы деңгейге шығаратыны сөзсіз.
Абай Абдиров,
Индер аудандық ауыл шаруашылығы бөлімінің басшысы