Сейсенбіде редакциямызға Оралдан ардагер журналист, жазушы Тілес Жазықбай, ақын Сағынтай Бисенғалиев, Асантемір Қаршығаұлы және "Жас талап" өнер-білім орталығының жетекшісі Ернар Жақсыбаев келді. Олар алдымен бард ақын Табыл Досымовтың зиратына барып дұға етіп, одан соң ақынның үйінде болып, жары Қарлығаштың дастарханынан дәм татты.
Сондай-ақ қаламгерлер 90 жылға жуық тарихы бар "Дендер" газеті редакциясында болып, басылымның өткен жылдардағы келбетімен танысып, пікір алмасты. Редакцияның ықылас кітабына қолтаңбаларын қалдырды.