Өнерлі өрендер фестивальдан жүлделі оралды

Таяуда Атырау қаласында «Art Rainbow» Халықаралық өнер бірлестігінің ұйымдастыруымен ІV Халықаралық «Ақ сұңқар» балалар мен жасөспірімдер фестиваль-конкурсы өтті.

Дарынды жас ұрпақты қолдау, өнерге жақын өрендер арасында достық қарым-қатынастың орнауына ықпал ету мақсатындағы байқауға вокал жанры бойынша жас ерекшеліктеріне қарай қатысқан аудандық балалар өнер мектебінің оқушылары жүлделі орынмен оралды.

ishki-oren

Мәселен, М.Магамаевтың «Синяя вечность» әнін шебер орындап, жүлделі II дәрежелі дипломен медальмен марапатталған Әділет Болатов өзінің әуезді дауысымен, сахналық орындау шеберлігімен талай сайыста танылып келе жатқан жас өнер иесі. Бүгінде ол аудандағы Ш.Уәлиханов атындағы орта мектептің 8 сыныбында және өнер мектебінің вокал сыныбында білім алуда. Ал бөденелік ағайынды Нығметолла Арыстан мен Гүлхан (Я.Юлдузов «Мама», Б.Қоқаманов «Айша бибі») және индерборлық Перизат Сәлімгерей (А.Дүйсенов «Туған жер») жүлделі III орынды еншіледі. Жетекшілері – Ерболат Каримов.

«Бұлақ көрсең көзін аш» демекші, қазақы әндерді орындап, сайыстарда аудан атын шығарып жүрген жас өнерпазға шығармашылық шабыт тілейміз.

Диас АЙБАР

Соңғы жаңалықтар

COVID 19

covid

Фотогалерея

Тәуелсіздікке 30 жыл

tuelszdkke-30-zhyl

Бейнебаян

Aqprint

Байланыс номерi :     +7 775 798 46 24     +7(7122) 45-85-21

Меншік иесі: «Атырау-Ақпарат» ЖШС

Газет ҚР Ақпарат және коммуникациялар министрлігінде 2018 жылғы
16 мамыр күні тіркеліп, тіркеу туралы 17101-Г куәлігі берілген.

Редакцияның мекен-жайы: Индер ауданы, Индербор кенті, Д.Қонаев-18.

Байланыс телефоны: 8 (712-34) 2-11-80, 2-15-26, 2-11-42 (факс)

Электронды пошта: dender_gz10@mail.ru




ZERO.kz

Яндекс.Метрика