"МУЗЕЙ ДОСТАРЫ" клубы құрылды

Атырау облысы тарихи-өлкетану музейінің Индер аудандық бөлімшесінде "Музей достары" клубы құрылды.

Клубқа музей басшысы Майгүл Жалғасбаева жетекшілік етсе, маман Айнұр Бисенбаева және интеллектуалдық және ұлтжанды, өзінің қоғам алдындағы азаматтық жауапкершілігін сезінетін қазақ, орыс, ағылшын тілдерін жетік меңгерген оқушылар мүшелікке қабылданды.

- Бұл клубтың негізгі мақсаты – жас буынның қалыптасуына ықпал ету, музей аясында өткізілетін шараларға қатыстыру. Сондай-ақ бізге құнды жәдігерлерді тамашалап, тарихын білу үшін өзіміздің отандастарымыздан басқа шетел азаматтары, туристер де қызығушылық танытып келеді. Сол кезде осы музей достары оларға түсінікті тілмен таныстырып отыратын болады. Қазір біздің клуб құрамында 10 шақты белсенді жастар бар. Тағы да ынта білдіруші болса келіп жолығуларына болады, - дейді жетекші.

Ақмарал БОКИРОВА

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Соңғы жаңалықтар

Біріңғай мемлекеттік байланыс

Aqprint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521