Өмірдің мәні көркем ой

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан халқына Жолдауын жариялап, бірқатар мәселелер көтерілді. Соның бірі Президент озық ойлы ұлт болу үшін жағымсыз әдеттен түбегейлі арылуымыз керектігін баса айтты. 

Өз сөзінде: «Ашығын айтуымыз керек, қазіргі таңда адамдарда дөрекі сөйлеп, бір-біріне ерегісіп, жаға жыртысатын әдет бар. Өкінішке қарай, солардың ішінде айқай-шу шығаратын, балағат сөздер айтып, қоғамдық тәртіпті бұзатын әйелдер де бар. Бұл - мәдениетті, өркениетті қоғамға жараспайтын қылық, еліміздің халықаралық қоғамдастықтағы беделіне зиян келтіретін құбылыс. Озық ойлы ұлт болу үшін мұндай жағымсыз әдеттен түбегейлі арылуымыз керек”,  деп нақтылады.
Иә, бұл қоғамдағы өзекті тақырып.
Осыған орай “Дендер” газеті редакциясында “Ел болам десең…” айдары аясында кезекті дөңгелек үстел өтті. Шараға ардагерлер, балабақша меңгерушісі, мұғалімдер қатысып, тақырып аясында пікірлерін ортаға салды. 
Қоғам мәдениеті – әр адамның сөзі мен ісінен құралады десек, әр адам  тәртіп пен тіл тазалығына мән беріп, өзгеге  құрмет көрсету – озық ұлт болудың негізгі өлшемі екенін ұғынуы қажет. Өмірдің мәні көркем ойдан деп тарасты жиналғандар.

Жадыра Н.

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Соңғы жаңалықтар

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AQPARATPRINT