Мерейлі жасқа толған ардагерлер ардақталды

Кеше, 8 қаңтар күні тыл және ішкі істер органдарының құрметті ардагері, "Индер ауданының Құрметті азаматы" отставкадағы милиция майоры Сағындық Құрманқұлов - 95 жасқа, ал ұлы Ішкі істер органдарының ардагері отставкадағы полиция майоры Қайрат Сағындықұлы - 60 жасқа толды.

Мерейлі жасқа толған ардагерлердің отбасына арнайы құттықтау үшін Индер аудандық полиция бөлімінің қызметкерлері мен бөлім басшысы Берікқали Жанұзақов, ІІО және ҰҰ ардагерлері ҚК Индер ауданы бойынша филиалының төрағасы Болат Сембаев пен аудандағы сала ардагерлері барды.

img-20210108-wa0248

Сонымен қатар, Атырау облысы полиция департаментінің бастығы полиция полковнигі ​Қамза Үмбетқалиев пен ІІО және ҰҰ ардагерлері ҚК Атырау облысы бойынша филиалының төрағасы полиция полковнигі​​​​​​ Бағытжан Мынбаевтың құттықтау хаты табысталды. Сала ардагерлеріне арналған ықыласқа толы құттықтау хатта саналы ғұмырларын ішкі істер органдарындағы қиын қызметке қалтқысыз арнап, бүгінгі күні сол еңбегінің зейнетін көріп отырған ардагер ағалардың көпке үлгі, біз үшін мақтаныш екендігі атап өтілген.

Қылмыспен күресте, қоғамдық қауіпсіздікті қамтамасыз етуде адал қызмет атқарған ардагерлер қашан да өскелең ұрпаққа өнеге болары сөзсіз.

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Соңғы жаңалықтар

Біріңғай мемлекеттік байланыс

Aqprint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521