«Ұлы дала жауһарлары» көшпелі көрмесі Индер ауданында

Археологиялық құндылықтарды насихаттау мақсатында Атырау облыстық тарихи-өлкетану музейінің «Ұлы дала жауһарлары» көшпелі көрмесі Индер ауданында келді.

Көрмеде 2017 жылы Қызылқоға ауданы, Миялы қорғандар тобынан табылып, қалпына келтірілген алтын киімді Сармат әйелі, 2020 жылы Миялы қорғанынан анықталған Х-ХІ ғасырға тиесілі күміс әшекейлі әйел адам және оның жанынан табылған ат әбзелдерінің реконструкциясы, тағы да басқа археологиялық құндылықтар көпшілік назарын ұсынылды. 
Алдымен аудандық мәдениет, тілдерді дамыту, дене шынықтыру және спорт бөлімінің басшысы Жеміс Тілепқалева сөз сөйлеп, аудан халқын көшпелі көрмені тамашалауға шақырды.
Музей саласының ардагері Самиғолла Ғалым әлеуметтік-мәдени мәні бар көшпелі көрме арқылы ежелгі көшпенді қазақтың өмірін, тарихымен танысып, құндылықтарымызды дәріптейді деп пікірін білдірді. 
Одан соң, Атырау облыстық тарихи-өлкетану музейінің ғылыми хатшысы Ерлан Тілекқабылов көрмеге қойылған жәдігерлермен таныстырып өтті. 
    Көрме таныстырылымынан соң, еңбек ардагерлері Жолдасқали Өмірбаев пен Тілекқабыл Есқалиев ұйымдастырушыларға ризашылықтарын білдіріп, алдағы уақытта аудандық музейдегі экспонаттардың көптігін ескере отырып, ғимаратты кеңейтуге, жаңартуға ұсыныстарын білдірді.
    Шара аясында аудандық мәдениет үйінің өнерпаздары Олжас Аққалиев пен Тимур Нұрмағамбетов әсем әннен шашу шашты.

Жадыра НАРИМАНҚЫЗЫ

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Соңғы жаңалықтар

Біріңғай мемлекеттік байланыс

Aqprint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521