Жақсылықтың бастауы – Көрісу мерекесін ауданда биыл тұңғыш рет кең көлемде тойлау жоспарлануда.
Бұл туралы аудан әкімінің орынбасары Д.Шамұратовтың бекіткен жоспарына сәйкес мерекелік шара Индербордағы орталық саябаққа өткізіліп, оған аудандағы мекеме-кәсіпорын ұжымдары мен барлық ауылдық округтер жұмылдырылу көзделуде.
Саябақта наурыз мерекесіндегідей киіз үйлер құрылып, ұлттық тағамдар пісіріліп, салт-дәстүрден көріністер, ұлттық ойындар мен қолөнер көрмесі өтпек.
-Халықтық мерекеде тайқазандарды қатар қойып, бір мезетте наурыз көже пісіріп, рекорд жасауды жоспарлап отырмыз. Оған барша мекеме ұжымдарды белсене атсалысуға шақырамыз. Мүмкіндігіне қарай түйе керуен де жасағымыз келеді, - деді аудандық мәдениет бөлімінің басшысы Жеміс Тілепқалиева.
Ендеше халқымыздың қыстан аман шыққан қуанышын білдіретін, жасы үлкендерге көрісіп, батасын алатын, алыс-жақынды жақындататын, арада реніштер болса кешіретін керемет мерекеге баршамыз де белсене қатысайық, ағайын!
С.САНСЫЗБАЙҰЛЫ.