Кез келген өркениетті қоғам үшін сыбайлас жемқорлықпен күрес ең өзекті мәселенің бірі болып табылады. Сыбайлас жемқорлық заман ағысымен бірге өсіп-өркендеп, мол қаражат және қоғамдық бәсекелестік пайда болған жерлерге тамырын жайып, бүгінгі күнге дейін жойылмай отырған кеселдің бірі.
Бұл кесел дамушы елдердегідей біздің жас мемлекетімізге де орасан зор нұқсан келтіріп отыр. Сондықтан да Қазақстан Республикасының мемлекеттік саясатының негізгі ба сымдықтарының бірі осы зұлымдықпен күрес болып табылады. «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы» заң талабының аясында жемқорлыққа қарсы іс- әрекеттер әр салада жүзеге асырылуда. Әсіресе, халық парақорлық дертімен жиі бетпе-бет келеді. Сыбайлас жемқорлықпен күресті жеке қарау мүмкін емес. Сондықтан кез- келген ортада пара беру мен пара алудың жолын кесуде қоғам болып белсенділік танытуымыз қажет.
Мемлекеттік қызметшілердің сыбайлас жемқорлық қылмыстар және осы тұрғыдағы құқық бұзушылықтарға бой алдыруының себебі көп. Оған ең алдымен қызметшілердің білім деңгейінің, әдептілік ұстанымының төмен бо- луы әсер ететін болса керек. Кейбір мемлекеттік қызметшілердің құқық бұзушылыққа немқұрайлылық танытуы, кәсіби әдептілігінің жетіспеуі де, жеке басының қамын ойлауы да парақорлықтың деңдеуіне септігін тигізуде. Қазақстан Республикасының «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс- қимыл туралы» Заңына сәйкес, сыбайлас жемқорлықпен күресті барлық мемлекеттік органдар мен онда қызмет атқаратын лауазымды тұлғалар жүргізуі тиіс. Мемлекеттік органдардың, ұжымдардың, жергілікті өзін-өзі басқару органдарының басшылары өз өкілеттігі шегінде кадр, бақылау, заңгерлік және өзге де қызметтерін тарта отырып, заң талаптарының орындалуын қамтамасыз етуге міндетті.
Солардың бірі болып Индер аудандық қазынашылық басқармасында Қазақстан Республикасы Президентінің 2022 жылғы 2 ақпандағы №802 Жарлығына сәйкес, сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясаттың 2022-2026 жылдарға арналған тұжырымдамасын іске асыруда, Қазақстан Республикасы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі (Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет) төрағасының 2024 жылғы 31 желтоқсандағы № 285 бұйрығымен бекітілген «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы стандарттарды қалыптастыру бойынша әдістемелік ұсынымдарды» жұмыста пайдалану, олардың бағыттары, негізгі қағидаттары мен ұғымдары қызметкерлермен таныстырылып, түсіндіру жұмыстары ұдайы түрде жүргізіліп отырады. Басқармада үнемі сыбайлас жемқорлыққа қарсы тұру, оларды болдырмау туралы қызметкерлермен техникалық оқулар өткізіліп отырады. Қолжетімді жерде арыздар мен өтініштер жәшігі орналасқан, арнайы бекітілген комиссия мүшелерімен тексеріліп қаралады.
Е-Өтініш электронды порталы арқылы да түскен өтініштер уақытылы қаралып, жауаптар беріліп отыр. Басқармада сенім телефоны жұмыс жасайды. Сыбайлас жемқорлық – ел дамуына елеулі қауіп төндіретін құбылыс. Онымен күрес – барша азаматтың міндеті. Әрбір қазақстандық адалдық пен әділдікті ұстанып, пара бермеу мен алмаудан бастаса, қоғамымызда әділет салтанат құрады.
Г.ЧУЙНШКАЛИЕВА,
аудандық қазынашылық
басқармасының басшысы