КҮННІҢ ҚОРЫТЫНДЫСЫ 09-04-2024

Индер ауданының көктемгі су тасқыны кезеңіне дайындығы бойынша АНЫҚТАМА (2024 жылғы 9 сәуірде сағат 20:00-дегі жағдай бойынша) 

Индер ауданы аумағында барлығы 7 ауылдық округте ұзындығы 17 850 м қорғаныс бөгеттері бар (барлық құжат заңдастырылып, теңгерімге алынған).
(Анықтама үшін: Жарсуат ауылы 4 900 метр, Құрылыс ауылы 5 600 м, Индербор кенті 750 м, Көктоғай ауылы 600 м, Өрлік ауылы 3 200 м, Есбол ауылы 1700 м, Елтай ауылы 1 100 м). 
Негізінен қауіпті аймаққа Жарсуат және Құрылыс елді мекендері кіреді және бөгеттердің 10 500 метрі осы аумақта орналасқан. Қазіргі таңда Жарсуат ауылында 4,9 км бөгеттің 2,8 км-ін және Құрылыс ауылында 5,6 км бөгеттің 2,3 км-ін арнайы техникалар арқылы биіктету жұмыстары жүргізілуде.
Сонымен қатар, Индербор кенті, Елтай, Есбол, Көктоғай, Бөдене және Өрлік ауылдарының бөгеттері де көтерілуде. 
Атап айтқанда: Индербор кентінде 750 метр бөгет қосымша 1 км-ге дейін ұзартылып, көтерілді, Елтай ауылдық округінде 1,1 км болатын бөгет қосымша 2 км-ге ұзартылып, көтерілді, Есбол ауылдық округінде 1,7 км-дің 1,5 км-і көтерілді, Көктоғай ауылдық округінде 600 м-ге қосымша 3км-дей бөгет жасалды, Бөдене ауылында 870 м бөгет толықтай көтерілсе, Өрлік ауылдық округінде 3,2 км бөгет толықтай биіктетілді.
Жалпы, аудан бойынша су тасқынының алдын алуға 80 арнайы техника, 700-ден астам мекеме қызметкерлері мен ауыл азаматтары жұмылдырылуда. Жұмыста барлығы 140 мыңға жуық қапшық қапталып дайындалды. 
Суға кету қауіпі бар әр учаскеге жауапты адамдар бекітіліп, жұмыстар тәулік бойы жүргізіліп жатыр. 
Дәл қазіргі уақытта Жайық өзеніндегі су деңгейі 4,53 метр. Тәулікте су деңгейнің көтерілуі +31см байқалды.
Аудандағы су тасқыны бойынша жағдай тұрақты және үнемі бақылауда.

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Соңғы жаңалықтар

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AQPARATPRINT