Көкейде жүрген сұрақтарға облыстық ХҚКО басшысы жауап берді

Халық тарапынан әсіресе мамандандырылған халыққа қызмет көрсету орталығының қызметіне қатысты сауалдар көп жолданып жатады. Осы орайда, көкейде жүрген кезекті сауалдарға Атырау қаласы бойынша Мамандандырылған ХҚКО басшысы Фарида Ералина жауап береді:

1-сұрақ: Жаңадан жүргізуші куәлігін алу тәртібі туралы айта кетсеңіз?

Жауабы: Көлік жүргізу бойынша теориялық және практикалық емтихан тапсыру booking.gov4c.kz сайты броньдау арқылы келеді. Қажетті құжаттарға ІІМ-нің №862 бұйрығына сәйкес, медициналық анықтама, автомектептен сертификат, мемлекеттік баж алымы талап етіледі. Құжат рәсімделгеннен кейін емтихан қабылдау бөлмесіне кіру барысында (қолсағат, құлаққап, ұялы телефон, қағаз) тексерістен өткізіледі.

2ұрақ: Жоғарғы сұраныстағы номерлер қанша МРП-дан басталады?

Жауабы: Жоғарғы сұраныстағы номерлары 57 МРП-дан (210 444) басталып 228 МРП дан аяқталады.

3-сұрақ: Жүргізуші куәлігін алу үшін өзгертулер енгізілген, ол қандай өзгертулер?

Жауабы: Барлық санатқа жүргізуші куәлігін алу үшін міндетті түрде автомектеп сертификаты сұралады.

4-сұрақ: Шетелден әкелінген және қосымша жабдықталған автокөліктердің ӘПБ-на тексеріске баруы міндетті ме?

Жауабы: Ия,  №862 бұйрығына сәйкес шетелден әкелінген көліктер және ауыр жүк автокөліктері қосымша жабдықталған автокөліктер (кузов ауыстыру,түсін өзгерту) т.с.с. өзгертулер болған жағдайда ӘПБ-нан алдын ала тексеруден өтіп,тексеруді растайтын анықтама арқылы бөлімге жүгінеді.

 

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Соңғы жаңалықтар

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AQPARATPRINT