Мемлекет басшысы өз Жолдауында айтқан "Кәсіпкерлер елімізді цифрлық дамытудың қозғаушы күші болуға тиіс" деген сөзімен келісемін.
Кәсіпкерлер – ел экономикасының тірегі әрі қоғамды алға жетелейтін күш. Сондықтан олардың елімізді цифрлық дамытудың қозғаушысына айналуы – уақыт талабы.
Бүгінгі таңда жасанды интеллект, электронды сауда, онлайн қызметтер кең өріс алып келеді. Бұл үрдісте кәсіпкерлер жаңа технологияларды енгізіп, халыққа қолжетімді әрі сапалы қызмет ұсынса, еліміз цифрлық даму көшінде алдыңғы қатардан орын алары сөзсіз.
Ақмарал БОКИРОВА
көп балалы ана