ХАЛЫҚ ҮШІН ҚАЖЕТ

Мемлекет басшысы Қасым- Жомарт Тоқаев «Жасанды интеллект дәуіріндегі Қазақстан: өзекті мәселелер және оны түбегейлі цифрлық өзгерістер арқылы шешу» атты Қазақстан халқына Жолдауында «Қарызсыз қоғам» жобасының маңыздылығын атап өтіп, жалғастыруды тапсырды. Өз сөзінде: «Азаматтардың қаржылық сауаттылығын арттыру мәселесі әлі де өзекті. 

Осы ретте «Amanat» партиясы ұсынған «Қарызсыз қоғам» жобасын жүзеге асыруды жалғастыру керек. Былтырдың өзінде осы жоба аясында 845 мың адам сауатын жетілдіріп, заңгерлік кеңес алды. Түпкі мақсат – халықтың мойнындағы қарызын азайту ғана емес, азаматтардың табысы тұрақты болуын қамтамасыз ету» деді.

Халықтың қаржылық сауаттылығын арттыру және қарыздан арылуға мүмкіндік беру бағдарламасы деп жалпыұлттық масштабқа шығару мақсатында Үкіметке «Amanat» партиясымен бірге бағдарламаны кеңейту тап- сырмасын берді. 2023 жылы «Amanat» партиясы ауыл тұрғындарының қаржылық сауаттылығын арттыру мақсатында Халық банкпен бірге «Қарызсыз қоғам» жоба- сын пилоттық негізде іске қосты.

Жобаның мақсаты – отбасылық бюджетті жүргізу, шығындарды басқару, тиімді шарттармен несие таңдау, несиені мерзімінен бұрын өтеу, қаржы пирамидаларынан және алаяқтардан қорғану және мемлекеттік бағдарламаларға қатысу мүмкіндіктері бойынша білім алу. Алғашқы жылы ауданда 500 адамды оқыту жоспарланып, Индербор кенті мен ауылдық округ- терде барлығы 9 кезеңде 527 адам оқыды. Жоспар 105 пайызға орындалды. Ал 2024 жылы 550 адам жо - спарланып, 558 адам оқыды. «Amanat» партиясы аудандық филиалының атқарушы хатшысы Ақжібек Сабырғалиеваның айту- ынша, биылғы жылы мамыр ай- ында 1013 адамды оқыту жоспарланып, 815 адам оқыған. Кейін жоба жұмысы онлайн режимге ауысыпты.

– Жалпы жобаға қатысқан Атырау облысының барлық аудандарында 4 ментор, сарапшы жетекшілік етті. Өткізілген іс- шаралардың нәтижелерімен негізгі индикаторлар бойынша орындау жоспары кестесіне сәйкес оң динамика байқалып, ең үздік нәтижелер Индер, Құрманғазы, Исатай аудандарында болып отыр. Алдағы уақытта Президент тапсырмасына сәйкес «Amanat» партиясының төрағасы Е.Қошанов «Қарызсыз қоғам» бағдарламасы қайта қолға алынатындығын жеткізді. Біз де өз тарапымыздан осы жұмыстарды жүйелі ұйымдастыра береміз, - дейді ол.

Халықтың қаржылық сауаттылығын арттыруға бағытталған бұл жоба өз нәтижесін берсе, бүгінгі қоғамда орын алып жатқан қаржылық қиындықтармен бірлесіп күресе аламыз.

Жадыра НАРИМАНОВА

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Соңғы жаңалықтар

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AQPARATPRINT