Құртқашаш ерте гүлдеді

Биыл қыста қар қалың түсті. қаладағы жұрт сәл қиындыққа әбігер болып жатқанда, қырдағы ағайын үскірік аязды мәңгілік досындай қарсы алып, боранмен бетпе-бет келді. Дегенмен, қатты қыстың соңын ала жадырап жаз келетіні бар. Біз оны кешегі қырға жасаған сапарымызда аңғардық. Бір өзгешелігі өсімдік біткен мерзімінен ерте көтеріліп, сарғалдақ, құртқашаштар гүлдеп үлгеріпті. Табиғаттың бұл құбылысы да ойландырмай қоймайды. Өйткені жыл амалдарының бірі бесқонақта жауын болмаса, құралайдың қалай өтері тағы белгісіз.

Қалай болғанда да қыр төсінде құлын ойнап, бота боздап, қора қозы-лақтың шуына толы. Төрт түлігі төлінен көбейген шопан да мәз.

Ж.АМАНТУРЛИН

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Соңғы жаңалықтар

Біріңғай мемлекеттік байланыс

Aqprint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521