ИНДЕРЛІК ЖАСТАР КӘСІП АШУҒА НИЕТТІ

 Мемлекет басшысы әр Жолдауында халықтың әл-ауқаты мен өмір сүру сапасын қамтамасыз ету – мемлекеттің басты міндеті екенін айтып келеді. Аудандық «Мансап» орталығының директоры Динара Мусина 2023 жылы аудан тұрғындарын жұмыспен қамту бағытында атқарылған жұмыстары туралы хабарлама жасады.

Баяндамашының сөзіне үңілсек, өткен жылы орталыққа жұмыс мәселесі бойынша 2595 адам хабарласып, 1 931 адам жұмысқа орналасқан. Уақытша жұмыс орындарына жолданғандардың ішінде 133 адам әлеуметтік жұмыс орындарына, 591 адам қоғамдық жұмыстарға, 121 жас алғашқы жұмыс тәжірибесін жинақтау мақсатында ұйымдастырылған «Жастар тәжірибесіне» жіберілсе, «Алғашқы жұмыс орны» жобасына - 25 жас, «Күміс жас» жобасына 52 адам және «Ұрпақтар келісім шарты» жобасына 2 жас орналасқан. Ұлттық жобалар шеңберінде 123 жұмыс орыны құрылып, оның барлығы орталық арқылы жолданған.

Әлеуметтік қолдау шараларының бірі қысқа мерзімді оқу курстарына жергілікті бюджет есебінен 8 адам және облыс әкімдігі мен «Теңізшевройл» мекемесімен жасақталған келісіммен 37 адам, барлығы 45 адам оқуға жолданып, 22-сі жұмысқа орналасса, онлайн skills арқылы 206 адам әртүрлі мамандық бойынша және «Бастау-Бизнес» жобасымен кәсіпкерлік негіздеріне 211 адам оқытылып, оның ішінен 198-і сертификаттарын алып, 44-і өз ісін бастапты. Халықтың осал топтарына жататын азаматтар есебінен жаңа бизнес-идеяларды іске асыруға 20 адамға 27,6 млн. теңге (400 АЕК) қайтарымсыз мемлекеттік грант беріліп, қосымша 12 жұмыс орыны құрылыпты. Грант алған 20 адам жеке кәсіпкер ретінде тіркеліп, қазіргі уақытта халыққа қызмет көрсетуде.

Ал, Мемлекет басшысының тапсырмасымен жүзеге асырылған 2,5 жеңілдік пайызбен 115,540 млн.теңге көлемінде шағын несиелер ауыл шаруашылығын дамытуға (сиыр, жылқы, қой басын көбейтуге және оның өнімін шығаруға (ет, сүт, сүт өнімдерін, полуфабрикаттар жасақтау) ниет еткен 24 жасқа берілген. Жыл ішінде 4 рет бос жұмыс орындарының жәрмеңкесі өткізіліп, нәтижесінде 112 адам жұмыспен қамтылса, Теңіздегі «Келешек кенею» жобасында құрылыс жұмыстарының аяқталуына орай 2023 жыл қорытындысымен жобадан аудан бойынша 498 адам босатылыпты. Ал, жобадан босатылғандардың ішінде 408 адам әлеуметтік қолдау шараларымен қамтылған. Кедейлік деңгейінде отырған 136 аз қамтылған отбасындағы 796 адамға мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек тағайындалып, оларға бюджеттен 64962,3 мың теңге төленіп, оның ішінде 119 отбасындағы 724 адамға шартты ақшалай көмек, 24 отбасындағы 101 адамға шартсыз ақшалай көмек берілген.

– Биылғы 5 айда 361 адам тұрақты жұмыс және 423 адам бюджет есебінен қаржыландырылатын уақытша жұмыс орындарына жолданды. Әлеуметтік жұмыс орындарына 76 адам, қоғамдық жұмыстарға 261 адам, «Жастар практикасына» - 9, «Алғашқы жұмыс орны» жобасына - 23 жас, «Күміс жас» жобасына - 53 адам және «Ұрпақтар келісім шарты» жобасына 1 адам жолданды. Сонымен қатар, онлайн skills арқылы 127 адам, «Бастау-бизнес» жобасымен кәсіпкерлік негіздеріне 39 адам оқуға жіберілді. Биылғы жылы өз істерін ашу бағытында халықтың әлеуметтік осал санаттарындағы 25 адамға қайтарымсыз гранттар мен 2,5 пайыздық жеңілдікпен 20 жасқа микрокредит берілетін болады және 458 адам кәсіптік бағдарлаудан өтуде, - деді орталық директоры.

Баяндамашыларға Сүйеу Халықов газет тарататын пошташы қызметкерлер жоқтығын айтса, Бағытжан Құнас түрлі бағытта құрылған жұмыс орындары туралы толық ақпарат жариялануы қажеттігін айтты. Қоғамдық кеңес отырысын кеңес төрағасы Әлифолла Балахметов қорытындылап, қатысушылардың күн тәртібіндегі мәселелер төңірегінде ұсыныс-пікірлерін ескере отырып, шешім қабылданатынын жеткізді.

Жадыра НАРИМАНҚЫЗЫ

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Соңғы жаңалықтар

Біріңғай мемлекеттік байланыс

Aqprint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521