Индерлік кітапханашылар Махамбет поэзиясы күніне орай челендж өткізді (ВИДЕО)

15 мамыр – Махамбет поэзиясының күні. Жыл сайын республикалық деңгейде аталатын күн биыл елдегі жағдайға байланысты онлайн режимде ұйымдастырылды.

Ақынның мұрасын насихаттау мақсатында Индер ауданында өткізілген шара батыр баба рухына арналған «Махамбет мұрасы – егемен елдің өшпес рухы» тақырыбындағы кітап көрмеден басталды.

-Қазіргі уақытта кітапханашыларымыз Абайдың, Әл-Фарабидың мұрасын насихаттауға байланысты оқу челендждерін өткізуде. Сонымен қатар Махамбет Өтемісұлының шығармаларын насихаттауға байланысты поэзия күндерін өткізуде. Махамбет шығармаларына байланысты вертуальды кітап көрмелерінде, шығармаларын дауыстап оқуды әлеуметтік желілерге жүктеуде. Алдағы уақытта мәдени шараларымыз онлайн түрінде жалғаса береді,-дейді кітапхана директоры Гүлнар Садықова.

Жырсүйер оқушылар батырдың өлеңдерінен үзінді оқыды. Солардың бірі Әлихан Кенжеғалиев Махамбет ақынның 70-ке жуық шығармасын жатқа біледі.

Ұзақ жылдар бойы туған жерге қайтарылмаған батырдың мүрдесі 1983 жылы 15 мамырда қайта жерленген болатын. Сол сәттен бастап ауданда кең көлемде «Махамбет поэзиясы күнін» өткізу дәстүрге айналған.

Сұңқар КӨШЕКОВ,

Индер ауданы.

Соңғы жаңалықтар

podpiska_kaz

COVID 19

covid

Фотогалерея

Тәуелсіздікке 30 жыл

tuelszdkke-30-zhyl

COVID-19 инфекциясы

Aqprint

Байланыс номерi :     +7 775 798 46 24     +7(7122) 45-85-21

Меншік иесі: «Атырау-Ақпарат» ЖШС

Газет ҚР Ақпарат және коммуникациялар министрлігінде 2018 жылғы
16 мамыр күні тіркеліп, тіркеу туралы 17101-Г куәлігі берілген.

Редакцияның мекен-жайы: Индер ауданы, Индербор кенті, Д.Қонаев-18.

Байланыс телефоны: 8 (712-34) 2-11-80, 2-15-26, 2-11-42 (факс)

Электронды пошта: dender_gz10@mail.ru




Яндекс.Метрика