Индерден Мақтааралға гуманитарлық көмек жеткізілді (ВИДЕО)

Түркістан облысы Мақтаарал ауданындағы бірнеше елді мекенді су басып, біраз тұрғындар жапа шегіп қалғаны белгілі. Осыған орай қиын жағдайға тап болған оларға Индер ауданы халқы да бей-жай қарамай, қол ұшын созған болатын. Сол аманатты кеше ауданның жаны жомарат азаматтары табыс етіп қайтты.

«Айтарлықтай аз уақыттың ішінде 3 жарым тоннадай тамақ, бір газель киім-кешек жиналды. Бұдан бөлек есепшот арқылы 1 млн-ның үстінде қаржылай көмекке ауданнан құрылыс материалдары мен Орал қаласынан арнайы тапсырыс бойынша 100 төсек-орын алдырттық. 8 мамыр күні газель толы жолға шығып, 11 мамыр күні Мақтаарал ауданының «Өргебас» ауылына табан тіреп, халықтың аманатын табыс еттік. Олардың сол кездегі қуаныштарын айтып жеткізе алмаймын, алғыстарын жаудырып жатты», - дейді ауданның белсенділерінің бірі Сүндет Шапенов. 

Сондай-ақ, Нұрлан Дөнебаев бастаған азаматтар да 2 газельмен жолға шығып, мақтааралдықтарға 5 тонна азық-түлік, 2 тонна киім-кешек пен 650 мың ақша апарып беріпті.

Қайырымдылық жасау қанына сіңген қазақ халқы қашанда өзгеге қол ұшын беруден қашқан емес. Ұйымдастырушылардың айтуынша, аудан орталығымен қоса барлық ауылдық округ тұрғындары да біркісідей атсалысыпты.

Қасиетті Рамазан айында бұл да бір сынақ шығар. «Әрбір қазақ менің жалғызым» деген жерлестеріміздің бұл игі ісі үлкен сауапқа жазылғай.

Айта кетейік, бұл қайырымды істі ұйымдастырған ауданның газель жүргізушілері екендігі өткен жолы жазылған болатын.

А.БОКИРОВА

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Соңғы жаңалықтар

Біріңғай мемлекеттік байланыс

Aqprint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521