АУДАНДЫҚ БІЛІМ БӨЛІМІ МЕН БАЛАЛАР-ЖАСӨСПІРІМДЕР ДЕНЕ ШЫНЫҚТЫРУ ДАЯРЛЫҚ КЛУБЫНЫҢ БІРЛЕСІП ҰЙЫМДАСТЫРУЫМЕН «ЖОЛ ҚОЗҒАЛЫСЫНЫҢ ЖАС ИНСПЕКТОРЫ – 2025» АУДАНДЫҚ СЛЕТІ ӨТТІ.
Оған аудан мектептерінен 9 команда қатысып, «Саптық дайындық», «Жас сани- тар», «Үгіт-насихат», «Велосипедші», «Эрудит» бағамдары бойынша сынға түсті. Құрамында білім бөлімінің әдіскері Талғат Қарасаев, клуб директоры Бағдат Абенов, аудандық жергілікті полиция бөлімінің бастығы Ғалымжан Жұмағалиев, жол полиция инспекторы Болат Сисенғалиев бар сарапшылар әр мектептен келген командалардың өнерін бағалады. Нәтижесінде саптық дайындықтан I орынды «Көктем» қазақ орта мектебі, II орынды Қ.Есқалиев атындағы орта мектебі, III орынды Жамбыл атындағы орта мектеп иеленді.
Ал «Жас санитар» бағамы бойынша «Көктем» қазақ орта мектебі, Аққала орта мектебі, Б.Нысанбаев атындағы орта мектеп, «Үгіт насихат» бағамы бойынша «Көктем» қазақ орта мектебі, Қ.Абаханов және Жамбыл атындағы орта мектеп жүлдегер та- нылды. Сонымен қатар «Велосипедші» бағамы бойынша «Көктем» қазақ орта мектебі, Махамбет және М.Сиранов атындағы орта мектеп өздерінің мықтылығын аңғартты. «Эрудит» бағамы бойынша «Көктем» қазақ орта мектебі, Махамбет және Ш.Уәлиханов атындағы орта мектеп, «Реттеуші» бағамында «Көктем» қазақ орта мектебі, Б. Нысанбаев және Қ.Абаханов атындағы орта мектеп жеңімпаз атанды. Жалпы командалық есеп бойынша жүлделі бірінші орынды «Көктем» қазақ орта мектебі, екінші орынды Ш.Уәлиханов атындағы орта мектеп, үшінші орынға Б.Нысанбаев атындағы орта мектеп командасы ие болды. Жеңімпаздарға арнайы кубоктар мен дипломдар табыс етілді.
Слеттің барлық бағамында жеңімпаз болып танылған алғашқы әскери дайындық пәнінің мұғалімі Нұрбол Сағидоллаев жетекшілік ететін «Көктем» мектебінің командасы енді облыстық байқауда аудан намысын қорғайтын болады.
С.ҰЗАҚҚАЛИЕВ,
сурет автордікі