Индерде инвестиция көлемі өсіп, ата кәсіп өркендеуде

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев биылғы Жолдауында: «Үкімет экономикасының барлық саласын жаңғырту үшін жаппай жасанды интеллектіні енгізу қажет. Қазақстанды бәсекеге қабілетті ел ретінде дамытамыз десек, ауыл шаруашылығына ерекше көңіл бөліп, заманауи технологиялар мен жаңа инвестицияларды тартуымыз керек» деген болатын.

Осы тұрғыдан алғанда ауданымыздың ауыл шаруашылығы саласындағы жетістіктері – Елбасы қойған талаптармен үндесіп жатыр. Өткен 8 айда ауыл шаруашылығы өнімінің нақты көлем индексі 104,7 пайызды құрап, 5 млрд 009 млн 100 мың теңгенің өнімі өндірілді. Қазіргі таңда аудандағы 455 шаруа қожалығының 404-і мал шаруашылығымен, 51-і егін шаруашылығымен айналысып, ата кәсіптің өркендеуіне үлес қосуда.

Инвестиция тарту ісінде де оң нәтиже байқалады. Мәселен, биылғы жылы салаға 63,4 млн теңге бағытталса, оның ішінде мал шаруашылығына құйылған инвестиция көлемі 4 млрд 320,6 млн теңгеге жетті. Бұл өткен жылғы 3 млрд 662,6 млн теңгемен салыстырғанда 105,7 пайызға артқанын көрсетеді.

Бұл көрсеткіштер – ауыл еңбеккерлерінің қажырлы еңбегінің, мемлекет тарапынан жасалып отырған қолдаудың және Президент Жолдауында айтылған міндеттердің нақты жүзеге асып жатқандығының айғағы.

Абай ӘБДІРОВ,
аудандық ауыл шаруашылығы бөлімінің бас маманы

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Соңғы жаңалықтар

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AQPARATPRINT