Жақында бір топ оқушылар таксист ағаларын алдап соғыпты. Оқиға былай болған.
Елтай ауылында тұратын Зейінғали Нұржауов заңдықұжаты бар таксист екен. Бір күні Индербордағы С.Сейфуллин атындағы орта мектеп тұсынан 4 бала тоқтатып, Жастар сарайына келіп түседі. Сол сәтте олар:
- Аға 20 мың теңге уақтайсыз ба? -дейді.
Жақсы деп таксист ағасы 20 мың теңге ұстатады. Балалар да ақшасын беріп, лезде түсіп кетеді. Кейін қараса 10 мың теңге беріп кетіпті. Амалы құрыған таксиші полиция бөліміне шағымданады. Сол кезде Индер аудандық полиция бөлімі Жергілікті полиция қызметі бөлімшесінің инспекторы, полиция капитаны Алтынай Ізмұқанова тәулік бойы іздестіріп, ақыры табады. Осы Индербордағы мектеп оқушылары екен. Ата-аналарын шақырып, әкімшілік шара қолданып, айыппұл салады.
- Мен балалар ғой деп мән бермеппін. Қалай алданып қалғанымды өзімде білмеймін. Бұл жастар ертең мұнан да сорақы қылмысқа барар деп полицияға шағымдандым. Олар екі күнде тауып, ақшамды қайтарып берді. Артық талап қойғаным жоқ. Сондықтан полиция капитаны Алтынай Айтбайқызына алғыс айтамын,-дейді.
Қайткенде де жасөспірімдерге қатаң тәртіп қажет-ақ. Ауыр қылмыс осындай ұсақ тәртіп бұзушылықтан басталады.
Дендер-Ақпарат