Индер тоғандарының тағдыры алаңдатады

Өр суының тасымауы Жайық өзеніне қарасты көлдердің құрғап қалуына әкеп соқтыруда. Көлдерде өсіп жетілетін жас шабақтарға қажетті оттегілердің болмауы олардың жаппай қырылып қалуына жол ашпақ.

Саны жыл сайын азайып келе жатқан су маржандарын құтқару жұмыстары күн тәртібінде тұрған өткір мәселелердің бірі екені даусыз.

Осыған орай Индер аудандық әкімдігінің арнайы жұмыс жоспарына сәйкес жергілікті балық қорғау инспекциясымен бірлесіп, шағын көлдердегі шабақтар сүзіліп алынып, Жайық өзеніне жіберілді.

Аудандық балық қорғау инспекциясы бөлімінің бас маманы Азамат Әбіғалиевтың айтуынша аудандағы 21 су тоғанының түгелге жуығына су шықпағалы біраз болған. Тек өзен жағалауындағы көлшіктерден шабақтарды сүзіп алып, айдынға сүңгітіпті. Осы жолғы маусымда аудандық жастар ресрустық орталығы жанынан құрылған «Жасыл Ел» еңбек жасағының мүшелері көл жағасынан табылып, табиғатты қорғау акциясына белсене қатысқанын айтады орталық директоры Асылан Қабижан.

\Айта кетуіміз қажет бүгінде Өрлік және Жарсуат ауылдық окрутеріне қарасты «Қарағаш» және «Молымбет» су тоғандары қалса, олардың да тағдыры қыл үстінде.

С.КӨШЕКОВ

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Соңғы жаңалықтар

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AQPARATPRINT