Индер ауданына қарасты шаруа қожалықтарда автономды энергия көзі іске қосылды.
Өрлік, Есбол ауылдық округтеріндегі шалғайда орналасқан шаруа қожалықтарына күн сәулесі арқылы қуат алатын автономды энергия көзі орнатылды.
Сол арқылы интернет желісі де іске қосылды.
Арнайы құрылғыны орнатқан кәсіби мамандардың айтуына қарағанда, қуаттылығы 3-4 кВт дейін жетеді. Енді, тұрғындар тек күнделікті тұрмыста ғана емес, технологиялық мүмкіндіктерді еш кедергісіз пайдалана алады.
Аудандық ауыл шаруашылығы және ветеринария бөлімінің басшысы Есетов Сәулет Төлекеұлының айтуынша, аталған құрылғылар бюджет есебінен тегін берілуде.
Айта кетейік, өткен жылы жалпы 78 күн панелі орнатылса, 2020 жылы 72 күн панелі қойылған.
Аудан әкімінің баспасөз қызметі