ЕРІКТІ ЖАСТАР ПІКІР АЛМАСТЫ

Аудан жастарының басын бір ортаға тоғыстыратын «Жастар орталығы» ғимаратында ерікті жастар бас қосты.

Мақсат – ерікті жастардың ұсыныс-пікірлерін тыңдап, жылдың қорытындысымен бөлісу. Жиналғандарды алдымен орталық директоры Темірлан Бертлеуов Тәуелсіздігіміздің 30 жылдығымен құттықтап, жастарды ауданның дамуына өз үлестерін қосып, белсенді болуға шақырды. Бұдан кейін жастар бір-бірімен танысып, орталық мамандары интеллектуалды сұрақтардан ойын өткізді. Кейін олар 3 топқа бөлініп, топтық тапсырмаларды орындау барысында ауданның дамуы үшін не істер едім деген сауалға өз пікірлерін білдіріп, түрлі ұсыныстарын айтты. Басқосу аясында аудандық ішкі саясат бөлімінің бас маманы Диас Айбаров ерікті жастарға "Ұлттық волонтерлік желі" ЗТБ атқарушы директоры, Республикалық волонтерлер фронт-офисінің басшысы Т.А.Миронюктің алғыс хатын табыс етті. Сондай-ақ, қазан айында Индербор кентінде өткізілген "Волонтерлер мектебі" жобасы аясында "Базалық реанимация, жедел жәрдем қызметкерлері келгенге дейінгі алғашқы көмек" және "Төтенше жағдайдың алдын алу" тақырыбы бойынша теориялық оқу-курсына қатысқан еріктілер Атырау облысы "Ішкі саясат басқармасының "Азаматтық орталығы" КММ-сі директоры Ж.Досқалиеваның алғыс хатымен марапатталды. Жастармен кездесу кофебрейкпен жалғасын тауып, содан соң «Ұлы дала зары» фильмін тамашалаумен қорытындыланды. Ал, жастар орталығы ұжымы осындай керемет кездесудің өтуіне демеушілік еткен, әрдайым жастар бастамаларын қолдап жүретін аудандық мәслихат депутаты, жеке кәсіпкер Ақжібек Керімбайқызына алғыстарын білдірді.

Жадыра НАРИМАНОВА

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Соңғы жаңалықтар

Біріңғай мемлекеттік байланыс

Aqprint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521