Еңбек дауы қалай шешіліп жатыр?

Қоғамдағы еңбек қатынастары әрбір азаматты толғандырары хақ. Себебі, еңбек нарығына байланысты кейбір мәселелер туындап,  еңбек заңдылығының талаптары өзекті болып жатады.

Осындай жағдайға орай елімізде Еңбек кодексі де қолданысқа енгеніне көп болған жоқ.  Осы орайда Еңбекті қорғау жөніндегі  "республикалық ғылыми-зерттеу институты" РМҚК Атырау облыстық филиалы директоры Мират Байменов ауданда болып, көпшіліктің толғандырған сауалдарына жауап берді.

-Егер жұмыскер бір ай жұмыста болмаған жағдайда оның міндетін кім атқарады. Оның орнына жұмыскер ала аламын ба?

Берік Шакимов, аудандық білім бөлімінің басшысы:

-Бір ай уақыт аралығында ол жұмыскердің штат орны сақталады. Оның жұмысын басқа жұмыскерге  қосымша атқара тұруға тапсыра аласыз. Немесе жұмыскерді осы мерзімде жұмыстан шығару міндет емес.  Ескерту, қатаң ескерту  шараларын алуға болады.

-Медициналық сақтандыруға байланысты еңбек шартын жасау жөнінде мекеме, кәсіпорындарда, кәсіпкерлік нысандарында болып, үгіт-насихат жүргіздік.  Сонда бірқатар шаруа қожалықтарында, кәсіпкерліктерде еңбек шарты жасақталынбаған. Ал жұмыс берушілердің бірқатары  бұған жұмыскердің өзі келіспейтіндігін алға тартады. Енді қайтпек керек?

Меруерт Нұғыманова, аудандық жұмыспен қамту орталығының басшысы:

-Жұмыс беруші міндетті түрде еңбекшартын жасақтауы тиіс.  Жұмыскерлер де өзінің денсаулығын, құқын  ойласа еңбек шартын міндетті түрде талап етуі керек.  Егер жұмыс беруші еңбекшартын жасақтамаған болса тиісті әкімшілік жауапкершілік қаралған. Әрі қашан еңбек шартыжасақталғанша айыппұлы жалғасады.

Өндіріс орындарында еңбекшартынсыз еңбек етіп, қайғылы қазаға ұшырағандар кездеседі.  Еңбекшарты болмаған соң  кейбір кәсіпорындардың тарапынан  «бұл адам біздің жұмысшымыз емес, танымаймыз, көлденең жүрген біреулер болар» деп бұлтарғандар да кездесті. Ол әрі кетсе құрылыс алаңын дұрыс қадағаламағаны үшін айыппұл төлейді. Ал қайтыс болған адамға, отбасына жәрдемақы төленбей қалады немесе жұмыскерді келісімшартсыз  қабылдадыңыз. Ол жұмыс барысында  ұрлық жасауы немесе абайсызда бірдеңені бүлдіруі, өртеп алуы мүмкін. Еңбекшарты болмағасын   келтірілген залалдың орнын толтыруға міндетті де бола бермейді. Сондықтан еңбекшарты  жұмыс беруші мен жұмыскерге де тиімді.

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Соңғы жаңалықтар

ЖАҚСЫ КІТАП - ЖАН АЗЫҒЫ

Aqprint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521

Меншік иесі: «Атырау-Ақпарат» ЖШС

Газет ҚР Ақпарат және коммуникациялар министрлігінде 2018 жылғы
16 мамыр күні тіркеліп, тіркеу туралы 17101-Г куәлігі берілген.

Редакцияның мекен-жайы: Индер ауданы, Индербор кенті, Д.Қонаев-18.

Байланыс телефоны: 8 (712-34) 2-11-80, 2-15-26, 2-11-42 (факс)

Электронды пошта: Адрес электронной почты защищен от спам-ботов. Для просмотра адреса в браузере должен быть включен Javascript.

Әлеуметтік желілеріміз