ДЕНСАУЛЫҚТЫҢ ҚАДІРІН АУЫРҒАНДА БІЛЕМІЗ

Бүгінде денсаулық саласына мемлекет тарапынан айтарлықтай жағдай жасалып жатыр. Кешегі Жолдауында мемлекет басшысы бұл салаға айрықша тоқталған болатын.
Жалпы ауданда денсаулық саласы бір қалыпты болғанмен сын пікірлер де жоқ емес. Дегенмен жылдан жылға дамытудың бар шаралары жасалуда. Ауылдық жерлерде де барынша медициналық қызмет көрсетілуде. Солардың брі Елтай ауылдық амбулаториясы.  
-Бізде жұмыс бір қалыпты. Кадрдан тапшылық жоқ. Қазір «Damumed»  деген программамен жұмыс жасаймыз. Оның пайдалы жақтарымен қатар кемшіліктері де бар. Біздің жұмысымызда қазір қиыншылық келтіретіні халықтың скринингтік медициналық зерттеуді ауыл адамдары әлі де көп түсінбейді. Уақытылы зерттеуден өту керек болса, соны  көп түсінбейтін адамдар  әлі бар. Сондай-ақ МӘМС қорына ақша аудармайды. Оны  тек медициналық көмек керек болып, басына іс түскенде түсініп жатады. Балалар екпесіне бұрындары ата-әжелері қарсы болып, кейін түсіндіру арқылы алдынан өтетін едік. Қазіргі кезде өзім сияқты жастардын екпеге көзқарасының күрт төмендеуі, әсіресе, діни ағымдағы жастардың түсінгісі келмейтіндері  көңіл қынжылтады. Бірақ,  біздің жұмысымыз емдеу емес, алдын алу болған соң әлі де сол жұмысты тоқтатпаймыз,- дейді Елтай дәрігерлік амбулаториясы аға дәрігері Б.Қансұлтанов.
Мұнда жедел жәрдем көлігі бар. Науқасқа дереу жетеді. Дәрі-дәрмектерді мемлекеттің дәрі-дәрмек пуз программасымен рецепті арқылы әкеліп береді екен. Оған кедергі жоқ көрінеді. Медицина қызметкерлері Күнайым Меңдіғалиева, Гүлжан  Қанатова, Сайлан Есқалиевалар өз міндеттерін абыройлы атқарып, халық ықыласынан шығып келе жатса, жас маман Инабат Құбайдолла да тиянақты жұмыс атқарып келеді.
Ауылдың демографиялық ахуалы да жақсарып, бала туу көрсеткіші жылдан жылға артуда. Шалғайдағы тұрғындарды флюорографиямен қамту жолға қойылып, әрдайым жедел жәрдем арқылы байланыс жасап тұрады екен. Алайда кейбірінде қожалық иелері емес, келімсек көмекшілер жүретіні көңілге күдік ұялатады екен.
Қалай дегенде де өнікті еңбектің үлгісін көрсетіп келе жатқан ұжым, 2021 жылдың қорытындысымен аудан бойынша «Ең үздік дәрігерлік амбулатория» деген атаққа ие болыпты.  Ауылдағы денсаулық сақшыларының жұмысы қашанда қауырт. Оны бағалай білу де керек.

Ж.Ісім,
Елтай ауылы

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Соңғы жаңалықтар

Біріңғай мемлекеттік байланыс

Aqprint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521