...Алдымыздағы Қойшығұл Жылқышиев, Жолдыбай Бақытов, Әнуар Нәбиев, Ибраим Жакиев сияқты ақын ағаларымызды «Дендер ден» оқып, өлең деген тылсым әлемге елең еткеніміз ақиқат.
Одан кейін бесінші сынып оқып жүргенімізде алғашқы өлеңім осы «Дендерге» жарияланған. Тағы бірер жылдан соң мақалаларым жариялана бастады. «Жас тілші» атандық. «Дендер» сөйтіп тәрбиеледі, қанаттандырды. Студент кезімізде тағы да сол дағдымызбен өлеңдерімізді Алматыда жүріп көкала конвертпен «Дендерге» жолдап тұрдық. Сол ғадеттен айырылған кез болған емес. Әлі күн жазған дүниемді алдымен «Дендеріме» жолдаймын. Бүгінгінің шаруасы оңай. Конверт іздеп әуре болмайсың. Компьютер аман болсын. Екінші айтарым, өз жолында «Ден дер» газеті бүгінгі таңда жаңа бір белеске көтерілді. Жаңа деңгейде жарқырап шығады! Тақырыптары, айдарлары, көтеретін мәселелері, безендірілуі , бәрі-бәрі ойдағыдай, талапқа сай. Оқырман талғамынан шығып келеді. Қазір көптеген көне басылымдардың өзі талғам таразы сын тарта алмай, тәлтіректеп қалды. Сондай кезеңде «Дендер» оқырман іздеген барлық тақырыптарды қамтып, ел, өңір дамуының өзекті мәселелерін екшеп, кең адымдап, алқынбай алға басып келеді. Бұл газет басшысының, ұжымның үлкен ізденісі мен еңбегінің арқасы екені даусыз. Әр нөмірін компьютерден оқып, ауданның барлық жаңалықтарын танып біліп отырамын. Түлеп ұшқан газетіміздің осын дай қалыпта, жақсы тиражбен та рап, ел-жұрттың ықыласына бөленіп келе жатқанын мақтан тұтамын. Осы бағыттан, осы жолдан айырмасын. Ардақты оқырман, тарихын тереңнен тартқан төл газетімізге жазылып, де меп, қолдап отыруды ұмытпаңыздар. Газет талғамды оқырманымен көркейеді. Сыралғы достарыңыздан қол үзбеңіздер. «Дендерге» сарқылмас шабыт тілеймін!
Серік ЖЕТПІСҚАЛИЕВ,
Қазақстан Журналистер одағының және
Жазушылар одағының мүшесі,
Көкшетау қаласы


