ДАЛА ӨРТІ КҮШЕЙІП БАРАДЫ

{jcomments on}Бүгін түс мезгілінде Индербордың оңтүстігіндегі "Алғабас-Жорық" каналы бағытынан дала өрті шықты. Аудандық төтенше жағдайлар бөлімінің басшысы Ержан Нұрлановқа хабарласқанымызда, бөлімге сағат 14.05 шамасында шұғыл хабар түскен бойда өрт сөндіру көліктері оқиға барысына дереу жетіп өртті сөндіруге кіріскенін, сонымен қатар басқа да мекеме-кәсіпорындардың техникалары жұмылдырылып жатқанын атап өтті.

Редакцияның көлігімен оқиға орнына бізде дереу жеттік. Қураған шөп пен жыңғыл жағалай жанып жатыр. Күннің аптап ыстығы, әрі желдің күшеюімен өрт өршіп бірқатар аумақты қамтып барады. Өрт сөндіру бөлімі мен орман шаруашылығының су тасымалы көліктерімен және жасақтарымен өрттің оңтүстік жағынан белсене кірісіпті.

-Әзір өрт орман қорындағы шекарамызға жете қойған жоқ. Бірақ оған жеткізбей өртті өшіруге бар күшімізді салудамыз, -деді оқиға басында аудандағы орман шаруашылығы және жануарлар дүниесін қорғау мекемесінің директоры Талғат Досан.

—Өрт орын алған аумақ Орталық Азия газ құбырларына өте жақын. Біз өртті оған жеткізбей солтүстік жағынан сөндіруге ұмтылудамыз, -деді Индер желілік өндірістік басқармасының өрт сөндіру қызметінің бөлім бастығы Руслан Аюшев.

С. САНСЫЗБАЙҰЛЫ

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Соңғы жаңалықтар

Біріңғай мемлекеттік байланыс

Aqprint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521