«Чекті талап ет те, жүлдені ұтып ал!» акциясын өткізу туралы ережеге сәйкес жүлдені ойнату екі деңгейде жүргізіледі:
Біріншісі Мемлекеттік кірістер департаменттерінің жанындағы облыстық деңгейде және Астана, Алматы, Шымкент қалаларында ай сайын мамырдан қарашаға дейінгі кезеңде. Басты жүлдесі – ірі тұрмыстық техника.
Екіншісі – ҚР ҚМ МКК жанындағы республикалық деңгейде желтоқсан айына жоспарлануда. Жүлдесі – автомобиль және 2 құнды көтермелеу жүлдесі. «Wipon» мобильдік қосымшасына қосылып, кез келген фискалдық чектің фотосын жіберу қажет. Қаншалықты көп чек жіберілсе соншалықты ұтыс мүмкіндігі жоғары. «Wipon» мобильдік қосымшасын AppleAppStore және GooglePlayMarket-тен тегін жүктеуге болады.
Индер аудандық мемлекеттік кірістер басқармасы.