БОЛАШАҚ ТАРИХШЫ

БОЛАШАҚ ТАРИХШЫ РЕСПУБЛИКАЛЫҚ ДЕҢГЕЙДЕ ӨТКЕН «МЕНІҢ ШАҒЫН ОТА НЫМ» АТТЫ ЗИЯТКЕРЛІК БАЙҚАУДА «МЕНІҢ ӨЛКЕМНІҢ ТАРИХЫ МЕН МҰРАСЫ» БАҒЫТЫ БОЙЫНША М.СИРАНОВ АТЫНДАҒЫ ОРТА МЕКТЕПТІҢ 9-СЫНЫП ОҚУШЫСЫ БАНУ АСЫЛБЕКҚЫЗЫ III ОРЫНДЫ ИЕЛЕНІП, АУДАН, ОБЛЫС АБЫРОЙЫН АСҚАҚТАТТЫ.

Тарихқа деген құштарлық пен туған жерге деген сүйіспеншілігін жанына серік еткен Бану байқаудың алғашқы кезеңінде тестілеуден өтіп, Қазақстан тарихынан білімін дәлелдеп, екінші кезеңде Елтай ауылының тереңнен сыр тартатын шежіресі мен өзіндік ерекшелігін көркем әрі жүйелі түрде танысты рып, қазылар алқасының ерекше ықыласына бөленді.– Бұл жеңіс – тек менің ғана емес, мені білім мен ғылымға баулыған ұстазым, тарих пәнінің мұғалімі Жәния Жақауқызының тынымсыз еңбегінің жемісі. Ұстазымның қолдауынсыз бұл белесті бағындыру мүмкін болмас еді, – дейді ол бізбен әңгімесінде. Байқау қорытындысы бой ынша Бануға ҚР оқу-ағарту вице министрі Майра Мелдебекованың қолы қойылған арнайы диплом мен естелік сыйлық табысталды. Айта кетейік, ол осыған дейін «Зерде» зерттеу жобалары конкурсының республикалық кезеңінің жеңімпазы танылса, былтырғы оқу жылында «IQANAT» қоғамдық қоры ұйымдастыратын олимпиаданың финалисі таны лып, Алматы қаласында шешуші кезеңге қатысты. Бүгінде қор жеңілдіктерін пайдаланып, түрлі курстарға қатысып жүр.

Ж.НАРИМАНОВА

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Соңғы жаңалықтар

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AQPARATPRINT