АСТАНА ҚАЛАСЫНДА ӨТКЕН АУЫЛ МЕКТЕПТЕРІНІҢ ОҚУШЫЛАРЫНА АРНАЛҒАН ЖАРАТЫЛЫСТАНУ-МАТЕМАТИКАЛЫҚ БАҒЫТТАҒЫ РЕСПУБЛИКАЛЫҚ ОЛИМПИАДАСЫНДА ИНДЕРЛІК ДА РЫНДЫ ОҚУШЫЛАР ЖОҒАРЫ НӘТИЖЕ КӨРСЕТТІ.
Атап айтсақ, Махамбет атындағы орта мектептің оқушысы Назым Талғатқызы математика пәні бой ынша ІІІ орынға /суретте: солдан оңға қарай екінші/ (пән мұғалімі Жаннат Рысбаева), информатика пәнінен Ш.Уәлиханов атындағы орта мектептің оқушысы Алихан Сейлхан «Ерекше жетістігі үшін» грамотасымен (пән мұғалімі Әсем Темірболатова) марапатталды. Марапаттау рәсіміне қатысқан Қазақстан Республикасының Оқу-ағарту вице-министрі Майра Мелдебекова дарынды балаларды қолдау мемлекеттік білім саясатының басты басымдықтарының бірі екенін атап өтті.– Біз ауыл олимпиадасына Аты рау облысынан 28 оқушы, оның ішінде Индер ауданынан екі оқушы қатысқан болатынбыз. 17-21 қараша аралығында бізді «Дарын» орталығы олимпиадаға дайындады, Білім-инновация лицейінің және жоғары білімді мұғалімдерден дәріс алып, олимпиадаға жақсы дайындықпен бардық. Біздің жетістікке жетуімізге көмектескен ұстаздарға алғысымыз шексіз. Астанадағы бес күніміз де ерекше өтті. Әрине, басқа олимпиада лар секілді бұл да өте қиын болды. Соған қарамастан мен бар күшімді салып, тапсырманы орындап шықтым. Марапаттау кезінде өз атымды естіген сәтте қатты қуандым. Біз олимпиададан бөлек «Дарын» орталығының ұйымдастыруымен театрға бардық, университеттерді таныстыру көрмесіне қатыстық. Осы жетістікке жетуіме себепші болған ұстазым мен ата-анама алғысым шексіз,- дейді Назым Талғатқызы. Айта кетейік, қорытынды кезеңге еліміздің өңірлерінен 475 оқушы қатысып, олардың 200-і жеңімпаз және жүлдегер атанды.
Жадыра НАРИМАНҚЫЗЫ


