Батыр атындағы "Әскери даңқ" музейі ашылды

Индер ауданы Көктоғай ауылында "Ұлы Жеңістің – 75 жылдық" мерекесіне орай облыс басшылығының қолдауымен, мәдениет басқармасы, тарихи-өлкетану музейінің жұмысының нәтижесінде Боран Нысанбаев атындағы «Әскери даңқ» бөлімшесі қайта жабдықталып, мәдениет үйінің кең залынан орын алды.

Айтулы шараға елдегі ахуалға орай көп адам шоғырланбай, тек қатаң санитариялық талаптарды сақтай отырып, аудан әкімі бастаған ел ағалары мен ауыл тұрғындары және батыр ұрпақтары қатысты. Жиналғандар Ұлы Отан соғысында қаза тапқан боздақтарды бір минут үнсіздікпен еске алды.

 –Тарихтың өткен жолын бейнелейтін, ерлікті паш ететін сұрапыл соғыс әр отбасын айналып өткен жоқ. Осы бір зұлмат кезеңде әрбір адамның атасы, ағасы, апасы қаза болса, енді бірі жарақапен оралды. Біз соғыстағы ерлікті ешқашан ұмытпауымыз қажет. Бұл тек қана аудан емес, облыс жұртшылығына да арналған музей болмақ, - деді аудан әкімі Мейірім Қалауи.

Облыстық ардагерлер кеңесінің төрағасы Қатимолла Ризуанов қазақ тарихында ең зұлмат соғыс елге, халыққа, ұрпаққа өзін зиянды әсерін қалдырғанын, халқымыз үшін зор шығынмен келген Жеңістің қадір-қасиетін келер ұрпақ мәңгілікке есінде сақтау керектігін мәлімдесе, батырдың бауыры Оңдасын Нысанбаев ағасының өмірлік жолын, өз Отанын шексіз сүюді және оны неміс басқыншыларынан азат ету жолында жанын қиғандығы жөнінде мағлұмат берді.

bor

Заман талабына сай жабдықталған музейдің лентасын облыстық ардагерлер кеңесінің төрағасы Қатимолла Ризуанов пен батыр Боранның бауыры Оңдасын Нысанбаев кесті.

Б.Нысанбаевтың бақытты балалық шағы бейнеленгенін, дастархан басында әкесі мен әжесінің қасында отырғанын кіреберістен-ақ байқауға болады. Боранның білім алған мектебі экспозициясына сол мезгілдегі батыр оқыған мектебінің көрінісі және 1965 жылы есіміне берілген парта 1930-1934 жылдардағы кітаптар мен оқу жабдықтары да қойылған.

boran

Музейде алты бөлімге бөлінген ақпараттық киоскіде орын алып отыр. Одан көрермен ауылдың тарихын, бейнематериалдар және 3D арқылы музейге саяхат жасай алады. Жалпы жаңа музейдің 10 экспозициясы 346 жәдігер мен бірге жаңа технологиялармен де қамтылған.

bora

-Музейімізге қарасты осы «Әскери даңқ» бөлімшесіне идентификация жұмыстарды жүргізуді биылғы жылға жоспарлаған болатынбыз. Жалпы бұл жұмыстар жаз айында басталғанмен карантиндік шараларға сәйкес мерзім кешіктіріліп қалды. Жалпы экспозициядан басқа музей заманауи технологиялармен көрініс тауып, 3D проектрлармен жабдықталды, үлкен көлемде экран аудиториядан орын алып отыр. Сондай-ақ аудиодыбысталу да көрермен үшін қызықты деп ойлаймын, - дейді облыстық тарихи-өлкетану музейінің бас қор сақтаушы Айгүл Тілешқызы.

Диас АЙБАР

Суреттерді түсірген автор

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Соңғы жаңалықтар

Біріңғай мемлекеттік байланыс

Aqprint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521