АУДАНДЫҚ МӘДЕНИЕТ ҮЙІНДЕ ҚР МӘДЕНИЕТ ҚАЙРАТКЕРІ, ТЕАТР АКТРИСАСЫ МҰХТАРОВА АЙНАГҮЛ НАСИПОЛЛАҚЫЗЫНЫҢ ШЫҒАРМАШЫЛЫҚ КЕШІ АЯСЫНДА ОБЛЫСТЫҚ МАХАМБЕТ АТЫНДАҒЫ АКАДЕМИЯЛЫҚ ҚАЗАҚ ДРАМА ТЕАТРЫНЫҢ «ТАПТЫМ-АУ СЕНІ…» МЕЛОДРАМАСЫ КӨРЕРМЕНГЕ ҰСЫНЫЛДЫ.
Орыстың көрнекті драматургі Надежда Птушкинаның шығармасы желісінде жазылған «Таптым-ау сені…» атты ме лодрамасы бүгінгі қоғамдағы жүгі ауыр мәселелерді әсерлі баяндайды. Қоюшы режиссер Жанат Телтаевтың сахналауымен қойылған спектакльде өз бақытына сене білген жан ғана қашан да бақытты болуға тиіс екенін ескертеді. Басты рөлде Татьяна образында Айнагүл Мұхтарова, анасы Софья Ивановнаның рөлінде С.Байменова, Игорьдың рөлінде Е.Жұматов және Дина рөлінде А.Қабдешова сомдады. Сондай-ақ сахна сыртындағы қоюшы суретші Т.Мұхтаров, жарық беруші Ғ.Жапаров, музыка мен көркемдеуші Ж.Төлепқалиев, режиссер көмекшісі Б.Өтеғалиев пен режиссер ассистенті Н.Съезханның еңбегін айта кет кен жөн. Әсерлі қойылым соңында аудан әкімінің орынбасары Артур Мур зин Айнагүл Нәсиполлақызына ау дан әкімдігі мен аудандық мәслихат атынан Құрмет грамотасын табыс етіп, иығына камзол жапты. – Қалың көрерменнің атынан әдемі кеш сыйлағандарыңыз үшін алғысымызды білдіреміз. Біз әркез жерлестерімізбен мақтанамыз. Өнер сахнасында жүргеніңізге 35 жыл болған екен. Шығармашылық шалқар шабыт тілейміз. Жақсы туындыларыңыз көп болсын, – деді Артур Мурзин. Өз кезегінде театрдың көркемдік жетекшісі Темірбек Мұхтаров жиналған жұртшылыққа ризашылығын білдіріп, аудандық мәдениет және тілдерді да мыту бөлімінің басшысы Жеміс Тілепқалиеваға мәдениет және тілдерді дамыту басқармасының атынан алғыс хат табыстап, кеш иесіне театрдың атынан құттықтау хат пен гүл шоқтарын тарту етті. Сондай-ақ актрисаның бау ырлары мен ауылдастары, дос жарандары құттықтау тілектерін айтып, сый-сияпаттарын ұсынды. Шара соңында актриса Айнагүл Мұхтарова өнерді бағалап кел ген барша жерлестеріне алғысын білдірді.– Туған жерімнің, туған топырағымның алдына келіп өнер көрсету – мен үшін мәртебе. Сіздердің қолдауларыңыз бен берген баталарыңызға алғысым шексіз, - деді Айнагүл Нәсиполлақызы. Осылайша өнерді сүйіп, зор қошеметін аямаған көпшілік кеш иесімен естелік суретке түсіп тарқасты.
Жадыра НАРИМАНҚЫЗЫ


