«БАБАЛАР ҮНІ – САРҚЫЛМАС ҚАЗЫНА»

ОСЫНДАЙ ТАҚЫРЫПТА АТЫРАУ ОБЛЫСТЫҚ АРДАГЕРЛЕР КЕҢЕСІ МЕН ХАЛЫҚ ШЫҒАРМАШЫЛЫҚ ОРТАЛЫҒЫНЫҢ БІРЛЕСІП ҰЙЫМДАСТЫРУЫМЕН ӨНЕРПАЗ АҒА БУЫН ӨКІЛДЕРІНІҢ АРАСЫНДА ТҰҢҒЫШ РЕТ БАЙҚАУ ҰЙЫМДАСТЫРЫЛДЫ. АТАЛҒАН ӨНЕР БАЙҚАУЫНДА ӨҢІР БОЙЫНША АУДАН ДАРМЕН ҚАТАР, ҚАЛА ЖӘНЕ ОБЛЫСТАҒЫ ХАЛЫҚТАР АССАМБЛЕЯСЫНАН, БАРЛЫҒЫ 11 ӨНЕР ҰЖЫМЫ БАҚ СЫНАДЫ

Аталмыш өнер фестивалінен ау данымыздан «Индер-Мәдениет» КМҚК жанындағы «Ару ана» халықтық әжелер және «Атамұра» ағалар ансамблінің барлығы жи ырма өнерпаздан тұратын «Дендер сазы» хоры қатысты. Бұл жаңа атау алған хор ұжымының жетекшісі, «Қазақстан мәдениет саласының үздігі» Еркін Әубекеровтің айтуынша, байқау талабы алдын ала хабарланған соң бұл жұмысқа ардагерлер үлкен жауапкершілікпен қарап, аптасына екі рет дайындық жасап, ерекше әзірлікпен баруға ұмтылыпты. Мұны кейін байқауды қорытындылағанда алқа мүшелері мен облыстық кеңестің мүшелері айрықша атап, өнер ұжымына ризашылықтарын білдіргенін де айтпасқа болмайды. Аудандық ардагерлер кеңесінің төрағасы Бағытжан Құнастың айту ынша, екі кезеңнен тұрған байқау фестивальде жеребе бойынша алғашқы кезеңде жерлестеріміз халық әні «Ахау керімді» шырқаса, екінші кезеңде композитор Бағытжан Байқадамовтың «Су тасушы қыз» әнін ерекше әрлеп сахнаға шығарып, көрермендердің зор ықыласына бөленген. Ауданнан барған өнер ұжымының өзгелерге қарағанда артықшылығы топ мүшелерінің саны өзгелерден көп болуы және хор ұжымының халықтық оюлармен нақышталған әсем сахна киімдерімен шығуы да ерекше көзге түскен. Оны облыстық ардагерлер кеңесінің төрағасы Мұрат Өтешов пен сарапшылар алқасының төрағасы, Қазақстанның Құрметті журналисі Исатай Балмағамбетов те, басқа бұл байқауға қатынасушылар да жоғары бағалаған.– Осы сапарда ағалармен қатар Сағида Машанова, Бағытжан Жайы мова, Дәмелі Досқалиева, Мейіз Рахи мова, Меруерт Нұғманова, Мәншүк Басарова, Сайлан Бижанова, Алма Есенгелдина, Гүлбану Ғаббасова, Сағима Кенжеғалиева секілді әжелеріміздің өнеріне көрермен ықыластана қол соқты. Ал 2020 жылдың қаңтарынан ба стап құрылып, дәстүрлі өнерді наси хаттау бағытын ұстанған «Атамұра» ағалар ансамблінің мүшелері Сағындық Бапқалиев, Алтыбай Ермұханов, Сәлімжан Сапағұл, Мәлік Құсайынов, Сүйеу Халықов, Мұрат Қансұлтанов, Наурызбай Әлмұхатов, Асқар Бақтияров, Еркін Әубәкіров бір кездері әртүрлі са лада еңбек еткен азаматтар болатын. Бұл күнде зейнеткерлік жаста болса да сахнада өз өнерлерін танытып, көрермендердің ыстық ықыластарына ие болды. Аға буынның көрсеткен өнерін көрермендер ұмытпайды деп са наймыз. Осынау өнер ұжымын дайындаған мәдениет саласының үздігі Еркін Әубәкіров пен жас өнерпаз Айдар Әділовке айтар алғысымыз шексіз. Жалпы қос өнер ұжымы әр апта сайын арнайы дайындықтардан қол үзбей ауызбіршілік танытып жүргенін баса айтқым келеді,-дейді Бағытжан Ниетқалиұлы. Осы құрамда өнер көрсеткен жур налист Сүйеу Халықов ағамыздың осындай өнер байқауы ауданымызда да қолға алынса нұр үстіне нұр болар еді деген ұсынысын да көпке жеткізе кеткіміз келеді. Ал халық әндері мен дәстүрлі өнерді, бабалар үнін наси хаттап, жастарға үлгі болып аудан намысын биікке көтеріп келген ата әжелерімізге өнер жолдарында әлі де биік табыстар тілейміз.

 С.КӨШЕКОВ

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Соңғы жаңалықтар

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AQPARATPRINT