Азық-түлік дүкендеріндегі бағаға мониторинг жасалды

«Атырау – адалдық алаңы» жобалық кеңсесінің аудандағы өкілі Гүлім Танабаева аудан бойынша әлеуметтік маңызы бар өнімдердің шекті бағадан аспауына қоғамдық бақылау жүргізді.

«Дулат» ЖШС директоры, аудандық мәслихат депутаты Ақжібек Сабырғалиева, «Атамекен» ҰКП аудандық филиалы директоры Дәурен Сағынғалиев кент көлеміндегі азық-түлік дүкендеріндегі бағаға мониторинг жасады. Алдымен, «Балқия» дүкенінде болды. Мұнда әлеуметтік маңызы бар өнімдердің барлығы дерлік сатылады. Мониторинг өкілдері кіреберістегі көкөністердің бағасына назар аударды. Айтуларынша, бағасы белгіленген мөлшерге сәйкес келеді. Бірінші сұрыпты бидай ұны – 25 кг 4500 теңге, макарон 1 кг - 330 теңге, күріш – 1 кг 350 теңге, қарақұмық – 1 кг 550 теңге, ал сүт 250-320 теңге аралығында. – Қазіргі таңда тұрғындар тарапынан ешқандай шағым түскен жоқ. Дегенмен, тексеріс нәтижесінде баға тұрақсыздығы байқалды. Мәселен, 1 литр күнбағыс майы – 750 теңге, ал 10 дана жұмыртқа – 420-450 теңге тұрады. Бұл бағыттағы жұмыстар алдағы уақытта өз нәтижесін беретіндігіне сенім мол – дейді Гүлім Танабаева Ал, «Атамекен» ҰКП Индер аудандық филиалы директоры Дәурен Сағынғалиев бұл жөнінде: – Пандемияға байланысты көптеген бизнес өкілдері айтарлықтай шығынға ұшырап отыр, оның ішінде сауда, қызмет көрсету салаларына қатты әсер етуде. Кәсіпкерлер тауарларын қаладан тасымалдайды не тапсырыспен алдырады. Ал, ол жақтағы баға көтерілгендіктен, біздегі бағаға әсер етеді. Қазіргі таңда аудан әкімдігімен бірлесе тауар бағасын тұрақты ұстау мақсатында түсіндіру жұмыстары жүргізілуде, – дейді.

ЖАДЫРА.Н

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Соңғы жаңалықтар

Біріңғай мемлекеттік байланыс

Aqprint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521