Ауылды дамыту өзекті

Ақ Жайықты жағалап қатар қонған ауылдардың бірі, заманында ауыл шаруашылығын өркендетумен аты шығып, «орденді Өрлік» атанған ауылдың уақыт талабына сай сұранысы да өзгеріп отырады. Әрі бұл жағдай өзге ауылдарға да тән нәрсе. Уақытпен бірге жаңарып отыруды көздеген ауылдағы ағайын аудан, мекеме–бөлім басшыларына өз талаптарын жеткізді.
Алдымен аудан басшысы Дарын Шамұратов ауданның әлеуметтік-экономикалық дамуына қысқаша тоқталып өтті. Кен байлығын бауырына басып жатқан қасиетті топырақ Дендер жері соңғы он жылда жасарып-жайнап қайта түледі. Барлық салада да жаңару бар. Дейтұрғанмен де қоғам алмасқан сайын өзіне тән сұраныстың да өзгеретіні хақ. Шешімін күткен мәселелерді көптің қаперіне бере отырып жиналысқа келген дүйім жұрттың ұсыныс тілектеріне құлақ түрді.           
Алдымен сөз алған, ұзақ жылдар бойы білім беру саласында еңбек еткен зейнеткер-ұстаз Махамбет Көргенов жаңадан басшылық қызметіне бекітілген аудан әкімінің қызметіне сәттілік тіледі.
Мекке көрген қажы ағамыз  сөзінің түйінінде ауылға жаңадан мәдениет үйін салып беру мәселесін көтерді.
Өткен жылдары 6 км қашықтықтағы жолдары асфальтталып биылғы жылы қалған 7,5 қашықтықтағы жолды сапалы әрі уақытында аяқталса деген орынды сауал қойған тұрғын Сүйеуғали Құсановтың сұрағын ешкім орынсыз дей алмас. Өйткені, жол құрылысы уақытынан кеш басталған болатын. Қайткенде жол биылдан қалмай толық бітуі керек. Бұл - ауылдың барлық тұрғындарының талап-тілегі.  
Тұрғын Елен Бисенғалиев өзіне тұрақты жұмыс іздейтінін, соған аудан басшылығы тарапынан көмек сұрай келген екен. Жұмыссыз – тұрақты жұмысқа орналастыру мүмкіндігін қарауды сұрады.
Қос ауылда өткен кездесуде қойылған сауалдарға аудан әкімі Дарын Шамұратов, мәслихат хатшысы Бағдат Сапаров, тиісті салалық бөлім, мекеме басшылары тұрғындар тарапынан көтерілген мәселелердің барлығы да заң аясында шешілетінін атап көрсетті. Әрі бұл мемлекет басшысы қойып отырған талаптардың бірі.

 

С.КӨШЕКОВ,
Өрлік ауылы

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Соңғы жаңалықтар

Біріңғай мемлекеттік байланыс

Aqprint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521