АУЫЛ ДӘМІ – АСТАНАДА

Күздің мезгілі шаруагерлер үшін өте қарбалас шақ. Олай дейтін себебіміз осы мезгілде олар дала төсіндегі еккен өнімдерін орса, енді бірі өрістегі төрт түлік малдың қамын жасауды мақсат қылады. Олардың төккен терінің нәтижесінде бау-бақша – дақылдары, ет өнімдері, шұбат- сүт өнімдері қолжетімді бағамен арнайы ұйымдастырылған жәрмеңкелер арқылы тұтынушыларға жеткізіледі. Ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілердің жәрмеңкесі жылдағы дәстүр бойынша 20- 21 қыркүйек күндері еліміздің бас қаласы Астана төрінде де ұйымдастырылды.

Аталған жәрмеңкеге ауданымыздан елтайлық «Абдрах- манов» шаруа қожалығы сиыр етін, есболдық Аманғали Қожабековтің иелігіндегі «Шыңғыс» шаруа қожалығы екі бас жылқы малының етін, көктоғайлық Ақеділ Шалқаровтың иелігіндегі «Алға-1» шаруа қожалығы шұбат- сүт өнімдерін жеткізген. Ал индерборлық Ве- нера Маканованың иелігіндегі «Индер-Агро» шаруа қожалығы, картоп, көкөніс дақылдарын жәрмеңке сөресіне шығарған. Аталған жәрмеңкеге Атырау облысы мен жаңадан құрылған Абай облысының өкілдері барған екен.

Аталмыш жәрмеңкеде өнімдер тұтынушыларға нарықтық бағадан 10-15 пайызға арзан бағамен ұсынылыпты. – Абай облысы мен Атырау облыстарынан ауыл шаруашылық өндірушілері келіп, өздерінің өнімдерін ұсынып отыр, барлығы 400 тоннадан астам өнім әкелді. Оның көп бөлігі жылқы еті, сиыр еті, қой етіне сұраныс жоғары. Халыққа жайлы жағдай жасалған. Біріншіден жабық ангардың ішінде сауда өте жақсы өтуде. Баға нарықтан қарағанда арзан, неге десеңіздер, бұл бағалардың бәрі егіс алқабынан сөреге дейін тікелей келеді, сол үшін бағасы арзан,-деп мәлімдеді Астана қалалық инвестициялар және кәсіпкерлікті дамыту басқармасы басшысының орынбасары Мақсат Жаңабаев. Қолда бар мәліметтерге сүйенсек, жәрмеңкедегі тауар көлемі жыл сайын артып келеді. Өңірлерде ауыл шаруашылығы өнімдерінің экспорты да қарқын алған. Биыл 19 мемлекетке шамамен 19 миллион долларға 37 мың тонна өнім жөнелтілген.

Атыраудың дәмі тіл үйірер балығы мен абайлықтардың бал татыған қымызы лезде өтіп кеткен. Жергілікті шаруагерлерді ауыл шаруашылығы бөлімінің бастығы Мәмбетқали Құсайынов бастап барды.

С.ҰЗАҚҚАЛИЕВ

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Соңғы жаңалықтар

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AQPARATPRINT