Бүгін күнделікті кешкі штаб отырысынан кейін аудан әкімі Дарын Шамұратов Елтай ауылында болып, ауыл жастарының тасқынға қарсы жасап жатқан жұмыстарын барып көрді.
Округтің белсенді азаматтары уақытпен санаспай ерекше жанқиярлықпен қызмет етуде. Күні бүгінге 7000-нан астам қап дайындалса, бөгеттерді биіктетуге 8 техника жұмыс жасап жатыр.
Аудан әкімі ауыл жастарына алғысын айтып, жағдайды бақылауда ұстау үшін барлық шараларды қолданатынын жеткізді.
Индер ауданы әкімдігінің баспасөз қызметі