Атыраулық жастарға шағын несие беріле бастады

 Шағын несие бойынша өтінім берген 18 үміткердің бизнес-жобасы қаралып, оның 17-сі мақұлданды. Бұл туралы облыстық Жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасының басшысы Азамат Мәмбетов мәлім етті, деп хабарлайды Өңірлік коммуникациялар қызметі.

-Кәсібін кеңейткісі келетіндердің қатары көп. Осыдан бір ай бұрын облыс әкімінің өкімімен құрылған комиссия құрамы 18 үміткердің құжатын қарап, әрқайсымен сұрақ-жауап алмасты. Нәтижесінде 17 адамның жобасына несие берілетін болды. Ал, бүгін тағы да өтінім берген 18 адамның жобасын тыңдадық. Бизнес-жобалардың басым көпшілігі мал шаруашылығымен айналысуға бағытталған. Комиссия мүшелері ұсынылған жобалардың өзектілігін, дәлелділігін, экономикалық негізділігін, маңыздылығы мен өміршеңдігін ескере отырып, тиісті шешімдер қабылдайды,- деді А.Мәмбетов.

Шағын несиелер 21 жастан 35 жасқа дейінгі жас кәсіпкерлерді қолдауға бағытталған. Өтініш берген сәтте жастардың жеке кәсіпкер ретінде тіркелген уақыты 5 жылдан аспауы тиіс. Жас кәсіпкерлер жылдық 2,5% номиналды сыйақы мөлшерлемесі бойынша өтеу мерзімі 5 жылға дейін аралықта 5 миллион теңгеге дейін кредит ала алады.

Еске сала кетейік, несие алуға өтініштер «Аграрлық несие корпорациясы» АҚ-ның Атырау облыстық филиалында қабылданады.

Мекенжайы: Атырау қаласы, Қ.Сәтпаев көшесі, 13-а. Байланыс телефоны: 8-701-006-16-46.

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Соңғы жаңалықтар

Біріңғай мемлекеттік байланыс

Aqprint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521

Меншік иесі: «Атырау-Ақпарат» ЖШС

Газет ҚР Ақпарат және коммуникациялар министрлігінде 2018 жылғы
16 мамыр күні тіркеліп, тіркеу туралы 17101-Г куәлігі берілген.

Редакцияның мекен-жайы: Индер ауданы, Индербор кенті, Д.Қонаев-18.

Байланыс телефоны: 8 (712-34) 2-11-80, 2-15-26, 2-11-42 (факс) +77082922701 whatsapp

Электронды пошта: Адрес электронной почты защищен от спам-ботов. Для просмотра адреса в браузере должен быть включен Javascript.

Әлеуметтік желілеріміз