Атыраулық полицейлер өрт шыққан пәтерден 30-ға жуық тұрғындарды құтқарды

30 қаңтар күні сағат 17:30 шамасында Атырау қалалық Полиция басқармасының №10 учаскелік полиция бекетінің қызметкерлері Вокзал маңы 3 мөлтек ауданындағы көпқабатты үйінің бірінші қабатынан өрт шығып жатқанын байқаған.

Басқарманың жергілікті полиция қызметі бөлімінің учаскелік инспекторлары полиция капитаны Жұмырғожиев Серік, полиция аға лейтенанты Игіліков Ринат, курсант Кибашев Муса пәтерге дер кезінде жетіп, өрт шыққан пәтерден ұйықтап қалған адамды аман-есен шығаруға тырысқан.

Тәртіп сақшылары тілсіз жаудың ортасынан 30-ға жуық пәтер тұрғындарын өрттен құтқарып қалды.

 

Анықталғандай, аталған үйдің дәлізінен газ трубасы жарылып, өрт шыққан.  Зардап шеккендер жоқ.

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Соңғы жаңалықтар

Біріңғай мемлекеттік байланыс

Aqprint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521

Меншік иесі: «Атырау-Ақпарат» ЖШС

Газет ҚР Ақпарат және коммуникациялар министрлігінде 2018 жылғы
16 мамыр күні тіркеліп, тіркеу туралы 17101-Г куәлігі берілген.

Редакцияның мекен-жайы: Индер ауданы, Индербор кенті, Д.Қонаев-18.

Байланыс телефоны: 8 (712-34) 2-11-80, 2-15-26, 2-11-42 (факс) +77082922701 whatsapp

Электронды пошта: Адрес электронной почты защищен от спам-ботов. Для просмотра адреса в браузере должен быть включен Javascript.

Әлеуметтік желілеріміз