Атыраулық оқушылар STEAM дағдыларын дамытуға арналған шеберлік сабақтарына қатысты

Атырау, 14 қыркүйек - 14 қыркүйек күні Абай орталығы базасындағы  JasSpace кеңістігінде  «Ашық есік күні» өтті. Шара аясында оқушылар STEAM курстарының кең мүмкіндіктерімен танысып, шеберлік сабақтарына қатыса алды. Іс-шара "Шеврон" компаниясының қолдауымен Орталық Азияның Еуразия Қоры жүзеге асырып жатқан "Jasspace: Атырау қаласының жастарын дамыту бастамасы" жобасы аясында өтті.

Іс-шараға Атырау облысы білім беру басқармасының, Атырау қаласы білім бөлімінің басшылығы, мектеп директорлары, оқушылар мен журналистер қатысты.

whatsapp-image-2022-09-14-at-16_21_471

 Жоба үйлестірушілері келушілерді оқу кеңістігімен таныстырды, сондай-ақ, балалар мен жасөспірімдердің мүмкіндігін дамыту үшін өткізіліп жатқан ғылым, технология, инженерия, өнер және математика кіріктірілген STEAM бағытындағы курстар туралы ақпарат берді.

Шара аясында оқушылар түрлі шеберлік сағаттарына қатысты. Биология курсы бойынша өткен шеберлік сағатында оқушылар физикалық белсенділікке дейінгі және физикалық белсенділіктен кейінгі адамның тыныс алуындағы өзгерістерді зерттеді. Анатомия курсы бойынша өткен шеберлік сағатында оқушылар адам ағзаларының жүйелерін модельдеу әдістері туралы кеңірек ақпарат алды. Сонымен қатар, оқушылар барлық жастағы адамдар үшін мүлдем қауіпсіз болып табылатын UNIMAT станогын қолдана отырып, фанерадан әртүрлі фигураларды жасау әдістеріне куә болды.

Еске сала кетейік, JasSpace кеңістігінде  12 қыркүйектен бастап Arduino-да бағдарламалау, 3D модельдеу және басып шығару, экология, химия, анатомия, ағашпен жұмыс бойынша курстар өтуде. Оқу барысында оқушылар өздерінің инновациялық жобаларын жүзеге асыруға және кәсіпкерлік дағдыларын дамытуға мүмкіндік алады.

Steam дағдыларын арттыру курстары 7-11 сынып оқушылары үшін JasSpace кеңістігінде тұрақты негізде өтеді. Сабақтар жұмыс күндері түскі дейін және одан кейін өткізіледі.

Курстарға тіркелу @aydi.kz Instagram парақшасында онлайн форматта жүруде және ол жыл бойы жалғасады.

 Әр курстың  легіне 40 оқушы қабылданады, ал әр лектің оқу мерзімінің ұзақтығы - 1 ай.

whatsapp-image-2022-09-14-at-16_21_472

ЕЛБАСЫ КІТАПХАНАСЫ

biblioteka-pervogo-prezidenta-kz

Соңғы жаңалықтар

Фотогалерея

Референдум

referendum-banner-1

COVID-19 инфекциясы

Aqprint

Байланыс номерi :     +7 775 798 46 24     +7(7122) 45-85-21

Меншік иесі: «Атырау-Ақпарат» ЖШС

Газет ҚР Ақпарат және коммуникациялар министрлігінде 2018 жылғы
16 мамыр күні тіркеліп, тіркеу туралы 17101-Г куәлігі берілген.

Редакцияның мекен-жайы: Индер ауданы, Индербор кенті, Д.Қонаев-18.

Байланыс телефоны: 8 (712-34) 2-11-80, 2-15-26, 2-11-42 (факс)

Электронды пошта: dender_gz10@mail.ru




Яндекс.Метрика