Атырауда вакцина алғандарға той, отбасылық шараларға қатысуға рұқсат етілді

​ «Ashyq» жобасына қатысушы мейрамханаларда отбасылық шараларды 70 адамнан асырмай өткізуге рұқсат берілді.

Бірақ, іс-шараға қатысушылардың да, қызмет көрсетуші персоналдардың да 100 пайыз «жасыл мәртебесі» болуы тиіс» деп хабарлайды Атырау облысы өңірлік коммуникациялар қызметі. Бұл жөнінде карантиндік шектеулерді кезең-кезеңімен жеңілдету туралы ​ Атырау облысы​ Бас мемлекеттік санитариялық​ дәрігерінің орынбасары жариялаған​ қаулыда жазылған.

​ «Карантиндік және шектеу шараларының сақталуын, «Ashyq» жобасына қатысушылардың салтанатты, ас беру, отбасылық іс-шараларды (банкеттер, үйлену тойлары, мерейтойлар) өткізуі кезінде персоналдар мен келушілерде 100% «жасыл мәртебенің» болуын және 70 орыннан асырмай толтырылуын​ бақылау бойынша мониторингтік топтардың жұмысын жандандырсын» делінген қаулыда.

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Соңғы жаңалықтар

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AQPARATPRINT