Атырауда полицейлер суға батқан адамды құтқарып алды

«Жайық өзенінің жағасын тексерген полиция патруль экипажы ер адамның көмекке шақырған даусын естіді. Түн ортасында мас күйде суға түскен ер адам өзеннің ортасына дейін жүзіп барып, жағаға жете алмай қалған. Істің насырға шаба бастағанын түсінсе керек, айғайлап көмекке шақырады», – дейді полиция департаментінің өкілдері.

Оның бағына қарай полицейлер сол маңға жетіп қалған. «Мен Дамба ауылында туып-өскенмін, жақсы жүзе аламын. Бірақ нұсқау бойынша біз құтқарушыларға хабар беруге тиіспіз, мен де сөйттім. Кейін қасымдағы серігім сержант Жамбыл Тұрымбетовтен машинадан құтқару топтамасын әкелуді сұрадым. Уақыт оздырмай суға күмп беріп, ер адамның жағаға шығуына көмектестім», – дейді қатардағы полицей Орынтай Хуресов. Тексеріс кезінде суға бата жаздаған ер адамның мас болғаны анықталды. Полиция басқармасында 32 жастағы ер адамға Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодекстің 440-бабы бойынша хаттама толтырылды. Айта кетейік, Атырау облысында жыл басынан бері суға кеткен 12 адамның үшеуі мас болған.

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Соңғы жаңалықтар

Біріңғай мемлекеттік байланыс

Aqprint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521

Меншік иесі: «Атырау-Ақпарат» ЖШС

Газет ҚР Ақпарат және коммуникациялар министрлігінде 2018 жылғы
16 мамыр күні тіркеліп, тіркеу туралы 17101-Г куәлігі берілген.

Редакцияның мекен-жайы: Индер ауданы, Индербор кенті, Д.Қонаев-18.

Байланыс телефоны: 8 (712-34) 2-11-80, 2-15-26, 2-11-42 (факс) +77082922701 whatsapp

Электронды пошта: Адрес электронной почты защищен от спам-ботов. Для просмотра адреса в браузере должен быть включен Javascript.

Әлеуметтік желілеріміз