Атырауда «Халықтану» мәдени-ағартушылық жобасы жүзеге асуда

Атырау облыстық Ішкі саясат басқармасы жанындағы «Қоғамдық келісім» КММ-сі ұйымдастырған жоба ҚР Тәуелсіздігінің 30 жылдығына арналады – деп, хабарлайды Атырау облыстық өңірлік коммуникациялар қызметі

«Халықтану» мәдени-ағартушылық жобасы аясында облыстағы әр этномәдени бірлестіктер жеребе арқылы қазақ халқының мәдени мұрасына арналған арнайы іс-шараларды ұйымдастырады.

Мақсат, этномәдени бірлестік өкілдеріне қазақ халқының ұлттық салт-дәстүрлері мен рухани құндылықтарын насихаттау, Қазақстанның этникалық алуан түрлілігін сақтау мен дамыту, ұлтаралық татулықты сақтау, өңірімізде мәдени-ағартушылық және танымдық шараларды өткізу.

Аталған жобаның кезекті іс-шарасы «Қазақстан халқының ұлы ақын және жазушыларының қызметтерімен таныстыруға арналған шығармашылық кеш» деп аталды. Танымдық кешті Ұйғырлар қоғамы Атырау облыстық филиалы ұйымдастырды. Іс-шарада, белгілі қазақ ақын-жазушыларымен қатар, ұйғыр ақын-жазушыларының еңбектерінен арнайы көрме ұсынылып, олардың шығармалары оқылды.

- Бүгінгі шара мен үшін қызықты болды. Ұйғыр мен қазақ халқының арасында ұқсастықтар бар екені байқалды. Өзге ұлт өкілдерінің қазақ поэзиясын емін-еркін оқығаны көңіліме қуаныш сыйлады және қызығушылығымды оятты – деді, шараға қатысқан 2 курс студенті Перизат Темірова.

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Соңғы жаңалықтар

ЖАҚСЫ КІТАП - ЖАН АЗЫҒЫ

Aqprint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521

Меншік иесі: «Атырау-Ақпарат» ЖШС

Газет ҚР Ақпарат және коммуникациялар министрлігінде 2018 жылғы
16 мамыр күні тіркеліп, тіркеу туралы 17101-Г куәлігі берілген.

Редакцияның мекен-жайы: Индер ауданы, Индербор кенті, Д.Қонаев-18.

Байланыс телефоны: 8 (712-34) 2-11-80, 2-15-26, 2-11-42 (факс)

Электронды пошта: Адрес электронной почты защищен от спам-ботов. Для просмотра адреса в браузере должен быть включен Javascript.

Әлеуметтік желілеріміз