Атырауда 20 күнде 9 мыңға жуық құқық бұзушылық анықталды

Бұл туралы ATPress.kz облыстық полиция департаментінің баспасөз қызметіне сілтеме жасай отырып харлайды
Атырау облысы бойынша 20 күнде 8638 әкімшілік құқық бұзушылық анықталып, 315 автокөлік айыптұраққа жеткізілген.
Мейірім Ердәулет, облыстық полиция департаментінің баспасөз хатшысы: Техникалық байқаудан өтпеген – 467, темір тұлпар тізгінінде ұялы телефон пайдаланған – 457 тұлғаға хаттама толтырды. Жол үстінде қауіпсіздік белдігін тақпаған – 1230,басып озу немесе маневр жасау тәртібін бұзған – 277,қозғалыстың қарсы жолағына шыққан – 22, бағдаршамның тыйым салынған сигналына өтіп кеткен – 13,жаяу жүргіншіге басымдық бермеген – 69, авариялық жағдай туындатқан – 39, темір жол өтпелерінен өту қағидаларын бұзған – 17, көлік құралын мас күйде басқарған – 61, көлік құралын басқаруға құқығы жоқ 34 жүргізуші анықталды. Сонымен қатар, басқада жол жүрісі ережелерін бұзушылықтың 3881 деректері анықталды.
Айта кетейік, Атырау облысы полиция департаменті патрульдік полиция қызметкерлерімен 19 шілдеден 18 тамызға дейінгі аралықта “Қауіпсіз жол” жедел-профилактикалық іс-шарасы өтіп жатыр. Мақсаты – қала аумағында жол-көлік оқиғаларының алдын алу.

 

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Соңғы жаңалықтар

Біріңғай мемлекеттік байланыс

Aqprint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521