Атырау қаласы аумағы карантинге жабылады

Атырау облысының бас мемлекеттік санитариялық дәрігерінің 2020 жылдың 29-наурыздағы №8 Қаулысына сәйкес 2020 жылдың 30 наурызы сағат 00.00-ден бастап Атырау қаласы аумағына карантин жарияланады.

Құрметті атыраулықтар! Коронавирустың таралуына қатысты қазіргі жағдайды ескере отырып, ертең Атырау қаласына кіруге және одан шығуға, сонымен қатар қоғамдық көліктерде жұмыс уақытына шектеулер қойылады.

atyra-kor

Қызмет көрсету секторының қызметі (сұлулық салондары, моншалар және т.б.) Жабық құрылыс базарлары, сауда орталықтары мен маңызды тауарларға қатысы жоқ сауда нүктелері, тауарларды жеткізу арқылы сату мүмкіндігін сақтай отырып қызметін тоқтатады.

Балабақшалардың жұмысы тоқтатылады.

Азық-түлік базарлары мен дүкендер, дәріханалар жұмыс істейді. Коммуналдық қызметтер, жөндеу қызметтері, тазалау және зарарсыздандыру қызметтері шектеусіз жұмыс істейді.

Толығырақ бүгін жарияланады.

koron-atyrau

Барлық жұмыстарды облыстық штаб үйлестіреді, әкімдіктер онлайн режимінде қол жетімді. Әлеуметтік желілердегі азаматтардың барлық өтініштері бақыланады, жауаптар 109 сенім телефоны арқылы беріледі.

Сіздерден түсіністік танытуды сұраймын.

 

 

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Соңғы жаңалықтар

ЖАҚСЫ КІТАП - ЖАН АЗЫҒЫ

Aqprint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521

Меншік иесі: «Атырау-Ақпарат» ЖШС

Газет ҚР Ақпарат және коммуникациялар министрлігінде 2018 жылғы
16 мамыр күні тіркеліп, тіркеу туралы 17101-Г куәлігі берілген.

Редакцияның мекен-жайы: Индер ауданы, Индербор кенті, Д.Қонаев-18.

Байланыс телефоны: 8 (712-34) 2-11-80, 2-15-26, 2-11-42 (факс)

Электронды пошта: Адрес электронной почты защищен от спам-ботов. Для просмотра адреса в браузере должен быть включен Javascript.

Әлеуметтік желілеріміз