Қариялар қамалымыздай еді...

ЕЛ ТӘУЕЛСІЗДІГІНІҢ 30 ЖЫЛДЫҒЫНДА ЕЛІМІЗДЕ ҰЛАНҒАЙЫР ІС ТЫНДЫРЫЛДЫ. ОНЫ ӘРІГЕ БАРМАЙ-АҚ ӨЗІМІЗДІҢ АУЫЛЫМЫЗДАН ДА КӨРІП ОТЫРМЫЗ. ӨКІНІШКЕ ОРАЙ, ОСЫ ЖЫЛДАР ІШІНДЕ ҚАНШАМА ЕКІНШІ ДҮНИЕЖҮЗІЛІК СОҒЫСТЫҢ АРДАГЕРЛЕРІ, ҚАЗЫНА ҚАРТТАРЫМЫЗ ӨМІРДЕН ӨТТІ. ОЛАРДЫҢ ЕЛГЕ ЖАСАҒАН ЕҢБЕКТЕРІ ҰШАН ТЕҢІЗ ЕДІ. ӘРДАЙЫМ ЕСІМІЗГЕ АЛЫП, ТАҒЗЫМ ЕТІП ЖҮРЕМІЗ.

Өткен ғасырдағы 1970 жылдың там ы з а й ы н д а О б л ы с т ы қ М ә д е н и е т басқармасының жолдамасымен Индер ауданы Мәдениет бөлімінің шақыруы бойынша, Гурьев музыка училищесін ойдағыдай аяқтадым. Сол жылы арнайы жолдамамен Кулагино селолық клубына меңгерушісі қызметіне бекітілдім. Алғаш жүрексіне жұмысқа орналасқан кезде арқа сүйер өнерлі ағалар мен апалардың қолдауы маған қанат бітіргендей болды.

Атап айтқанда, 1957 жылғы Москвадағы студенттер мен жастардың дүниежүзілік VI фестиваліне қатысқан, он саусағынан өнер тамған А.Мусағалиев, Б.Үсенғалиев, Қ.Қарақұлов, С.Масқарбаев, М.Мұқтаров, ағайынды Масалимовтар, Ғ.Ележанов, Қ.Дүйшімова, Ж.Қойшыбаев, әншілер Қ.Баетова, Қ.Меңдіғалиева, З.Аронова, апалы-сіңлілі Масалимовалар, Қ.Жұмағалиев, Т.Әбішова, бірі мекеме қызметкері, бірі оқытушы болып жұмыс жасайтын осындай ортаға түскеніме іштей қуандым. Мен олардан үйрене отырып көркемөнер жұмысын өрістетуге үлкен тәжірибе алдым. Мәдениет үйінде негізгі қызметтік жүйе-ол көркемөнерпаздар үйірмесін ұйымдастыру. Мәдениет үйінде домбыра оркестрі, хор, В.И.А, драма, ән-би үйірмелері жұмыстары жүргізіледі. Осы жылдардан бастап республикалық фестивалдың лауреаты Н.Қадірбаева, М.Жұмабаев, Ө.Қадірқұлов, Қ . Д ә у л е т қ а з и е в , Б . И м а н ғ а л и е в , М.Әбілтаев, көркемсөз шеберлері Ә.Сапарова, З.Уәлиева, Ж.Сұлташевалар қатарымен толықты. Селода орналасқан балалар үйінің тәрбиеленушілері де түрлі мәдени шараларға қатысып, «Березка» ән-би ансамблі, хор үйірмелері ашылып, түрлі сайыстарға қатысып облыста жүлде алды.

«Әнші балапан» сайысы өткізілді. Балабақша тәрбиешілері атсалысты. Жамбыл, Кулагино, Ұлттық гимназия шәкірттері, мұғалімдермен қатар ауылда орналасқан аурухана, совхоз, Селхоз техника мекеме басшыларының қолдауымен ауылдың мәдени саласына өз үлестерін қосты. Өткізілген түрлі мәдени шаралардың ішінде драма үйірмесінің ж ұ м ы с ы н а й т а р б о л с а м , а у д а н д ы қ байқауларға қатысып Ш.Айтматовтың «Жәмила», Қ.Мұханбетжановтың «Құдағи келіпті», Б.Майлиннің «Шұғаның белгісі», Т.Ахтановтың «Күтпеген кездесу», «Күшік күйеу», А.Шамкеновтың «Табамын сені», Т.Ысқақовтың «Бұл Лескиде болған еді» т.б.пьесалар сахнаға қойылды. Басты рөлде ойнағандар Н.Қадірбаева, Б.Қабажақов, М.Мұхтаров, М.Сейтов, Ы.Жұмабеков, Ж.Жұмағалиев, Р.Абенова, А.Швейкин, А.Сатыбалдиев, С.Баетов, Қ.Меңдіғалиева, Қ.Баетова сахнаның гүлі болатын. Ж а с т а р д ы ң О т а н ғ а , е л г е д е г е н сүйіспеншілігін ояту, Отан соғысы батырларына тағзым ету мақсатында «Ешкім ешқашан ұмытылмайды» атты стенд ұйымдастырылып, Кеңес Одағының батыры Б.Нысанбаевтың Көктоғай селосында ескерткіш ашылып, Т.Ысқақовтың «Бұл Лескиде болған еді» пьесасы алғаш сахналанды.

"Дос-Мұқасан" ансамблінің құрылуы облыс, аудан, ауылдарда жастар арасында үлкен ынта туғызды. Талантты жастарды жинап «Жас әуендер» ансамблі ұйымдасып, оның алғашқы қатысушылары бұл күнде дүниеден озған ағайынды Үсенғалиевтар, Б . К е н ж е ғ а л и е в ж ә н е Қ . Қ а р ж а у о в , Қ . Д о с м а ғ а н б е т о в , Б . М о л д а ғ а л и е в , И.Сатаев, Қ.Жұмақұлов бар. Ал, өнерлі отбасы құрамдары: ағайынды Масалимовтар, Хасанғалиевтар, Рзиевтар т.б. атсалысты. Кейін шәкіртім ретінде мақтанышпен айтар И.Сатаев, Б.Сисенғалиев, З.Қапашева, Г.Масалимова, М.Қамашова, Б.Ғаббасова, Н.Камелова, Б.Өтеповтар, музыка саласында бірі ұстаз, бірі мекеме басшысы боп жұмыс атқарып жүр. «Жас әуендер» ансамбліне арнап «Правда» совхозының директоры К.Бақитов ұлттық костюмдер тіккізу үшін қаражат бөлгізіп, Индер ауданы Кеңес атқару қызметінің төрағасының орынбасары М.Ахметова апамыз жол қаражатына көмектесіп, Алматыға өзім барып тапсырып, беріп, тіктіріп алып келдім.

Ауылдарға шығып ақылы концерттерден түскен қаржыға, мәдениет бөлімінің меңгерушісі М.Елеуов ағамыз жолсапар қаражатына көмектесіп, Б.Молдағалиев екеуміз Ленинград қаласынан музыкалық аспаптар алып келдік. 2005 жылы «Жас толқын» вокалды аспаптар ансамблі құрылып, сол жылы селомыздағы 3 мектеп бітіруші түлектер клуб алаңына жиналып, осы кеште өнерпаздар есеп беру концертін ұйымдастырып, ауыл көрермендерінің ризашылығына бөленді. Қазіргі уақытта мәдениет үйінде Қ.Нұрқашов, Ж.Салихов жетекшілік ететін «Жас әуендер» ансамблінің «Жас толқын» мүшелері өнер көрсетеді. 1997 жылы аудан әкімінің шешімімен жабылып қалған мәдениет үйін қайта ашып жеке кәсіпкер ретінде жұмыс ағымын өзгертпей мәденикөпшілік жұмысты жалғастырды.

2006 жылдың 3 сәуірінен бастап аудан әкімінің өкімімен «Кулагино-Мәдениет» КМҚК құрылып директорлығына тағайындалдым. Тоқырау жылдарында жабылып қалған балабақша ғимаратын сол кездегі ауыл әкімі А.Тілекқабылов, Р.Сұлтанов мәдениет үйі болып қалыптасуға үлкен жұмыс атқарды. Халыққа мәдени жұмыс көрсету жалғасын тапты. Көп қиындықтарға қарамастан ақылы қызметтер көрсетіліп, түскен қаражат түрлі мәдени шаралар өткізуге, штат бойынша қызметкерлерге ж а л а қ ы т ө л е у , т а ғ ы б а с қ а а қ ы л ы жұмыстары ұйымдастырылды. Ақылы би үйірмесі ашылуы республикаға белгілі «Шашу» би ансамблінің құрылуына себеп болды. Үйірме жетекшісі Әсел Омардың еңбегі зор. Сонымен қатар, 2007 жылы мәдениет үйі жанынан «Асыл әжем» әжелер ансамблі құрылды. Әжелер ансамблі аудан орталығында, көрші ауылдарда өнер көрсетті. Өзім музыка жетекшісі, ансамбльдің ұйымдастыру жөніндегі жетекшісі А.Сұлтанғалиев зейнетке шыққасын Қ.Хасанғалиева музыка жетекшісі болды.

Есбол ауылының мәдениет майталмандары «Салтанат» күйін сахнада дүбірлеткен, «Ақ Жайық» әнін хорда орындаған ауылдың Абдолласы атанған әуесқой композитор А.Мұсағалиев, Махамбеттің терме өлеңдерін түгел жатқа білетін, Атырау телеарнасында өнер көрсеткен термеші, ұлағатты ұстаз К.Каюпов Қызыл Отау, жылжымалы клубта мәдениет қызметкері болудан бастаған айтыскер ақын, домбырамен ән салатын «Жотасы биік Дендерім» атты тарихи танымдық шежіре кітабы, «Социалистік Еңбек Ері» Қабдір Шүйінішқалиевтің 100 жылдығына арнап шығарған «Даңқты аға», «Өмірім – менің өлеңім» кітаптарының авторы «Құрмет белгісі» орденінің иегері М.Мұқтаровтың есімі ел есінде.

Осы жерде бізге әркез ақылшы болған Ғұбайдолла Шайдуллин, Рахметқали Шахметов, Рахметжан Жұбанышқалиев, Төлеш Тілекқабылов, Қабдол Сейітов сынды өзге де асыл ағаларымызды әркез еске алып жүреміз. Ол кісілер бұзылмас тас қамалымыздай еді. Индер ауданының әнұранын шығару мақсатында өткен сазгерлер сайысында Е.Көшеков ағамыздың сөзіне жазылған «Индерім менің, Индерім» атты әнім жүлделі орынға ие болды. 40 жыл мәдени салада жұмыс жасаған уақытымда аудан, ауыл мәдениетіне үлкен үлестерін қосқан азамат басшылар: Ө.Құсниденов, М.Елеуов, Қ.Жылқышиев, Б.Суханқұлов, А . Н ы с а н ғ а л и е в , Б . М у с а ғ а л и е в , Т.Досымовтармен бірге еңбек еттім. Ал, қазір, жағдай мүлдем өзгерген. Отыз жыл бұрын қол жеткізген тәуелсіздіктің арқасында ауылда тың бетбұрыстар жасалды.

Ауылға көгілдір отын тартылса, «Ақбұлақ» бағдарламасының арқасында таза ауыз су ішіп отырмыз. Тақтайдай тегіс жолдар салынды. Мектеп оқушылары үшін арнайы жатақхана салынып, пайдалануға берілді. Мені ерекше қуантқаны жаңадан заманауи үлгіде мәдениет үйі пайдалануға б е р і л і п , м ә д е н и - а ғ а р т у ж ұ м ы с ы н өркендетуге мүмкіндік беріп отыр. Ауыл шаруашылығы саласында бірнеше ондаған шаруа қожалықтары құрылып, мал басы өсіп келеді. Қандай салада болмасын өркендеу бар.

Ауылда тың бетбұрыстар жасалып отыр. Сірә, бұл мемлекеттік саясаттың дұрыс жүргізіліп отырғанын айғақтаса керек.

Қайыржан МЕҢДІҒАЛИҰЛЫ, мәдениет саласының ардагері, Есбол ауылы

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Соңғы жаңалықтар

Біріңғай мемлекеттік байланыс

Aqprint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521