Әріптестер ортамызда

Аудандық «Дендер» газеті редакциясына «Қазақ» радиосының жаңалықтар қызметінің редактор-жаңалықтар жүргізушісі Жанболат Шәкім мен «Астана» радиосының журналисі Гүлназ Аманғали табан тіреді.

Алдымен газет редакторы Жанай Амантурлин сексен бес жылдан астам тарихы бар басылымның тыныс-тіршілігімен, ескі газет тігінділерімен таныстырды. Сондай-ақ аудандық газеттің әр саны жаңарып, дамып, өркендеген киелі өңір Дендердің елеулі жаңалығын ескерусіз қалдырмай, қалың оқырманның ыстық ықыласына бөленіп келетінін де жеткізді.

Айта кетейік, жерлесіміз Жанболат Берікұлы – Жарсуат ауылының тумасы. Астанадағы Л.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетін тәмамдап, 2015 жылы аталған ЖОО-да магистратураны аяқтаған. Еңбек жолын С.Сейфуллин мұражай-үйінің бөлім меңгерушісі, «Астана» радиосының редактор-жүргізушісі ретінде жалғастырып, қазір «Қазақ» радиосының жаңалықтар қызметінде редактор -жаңалықтар жүргізушісі болып жұмыс істейді.

Ал Гүлназ Аманғали – теміржол мен әуе жолының аса маңызды торабы, ғылымы мен мәдениеті дамыған Қарағанды қаласының тумасы. Ол да Елордадағы Л.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінің журналист мамандығын тәмамдаған.

Махамбет батыр мен Мұрат Мөңкеұлы, бард ақын Табылды секілді алып тұлғаларды тудырған елге табан тіреген жерлесіміз Жанболат Берікұлы мен Гүлназ Аманғали құрмет көрсеткен редакция ұжымына алғыс білдірсе, алыстан ат терлетіп келген әріптестеріне аудандық газет редакторы Табылды Досымов пен ақын Маржан Ершудің кітаптарын естелікке тарту етті.

Д.ҚАБИ

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Соңғы жаңалықтар

ЖАҚСЫ КІТАП - ЖАН АЗЫҒЫ

Aqprint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521

Меншік иесі: «Атырау-Ақпарат» ЖШС

Газет ҚР Ақпарат және коммуникациялар министрлігінде 2018 жылғы
16 мамыр күні тіркеліп, тіркеу туралы 17101-Г куәлігі берілген.

Редакцияның мекен-жайы: Индер ауданы, Индербор кенті, Д.Қонаев-18.

Байланыс телефоны: 8 (712-34) 2-11-80, 2-15-26, 2-11-42 (факс)

Электронды пошта: Адрес электронной почты защищен от спам-ботов. Для просмотра адреса в браузере должен быть включен Javascript.

Әлеуметтік желілеріміз