Алаяққа алданып қалмаңыз

ҚР Премьер-Министр канцеляриясының тапсырмасын орындау мақсатында Қазақстан Республикасының Ұлыбританиядағы Елшілігі сол елдегі қазақстандық докторанттар қауымдастығынан Еуропада алаяқтық тәсімдер туралы ақпарат келіп түскенін хабарлайды.

Тәсімге сәйкес алаяқтар "LinkedIn" әлеуметтік желісі арқылы қазақстандықтарға бәсекелі жалақы, тұрғын үй, көлікті қамтитын Ұлыбританиядағы жұмыс орны туралы, сондай-ақ сол елдегі виза және жұмысқа рұқсат алуға қолдау көрсету туралы ұсыныс хаттар жібереді.

Сонымен бірге, алаяқтар компанияның шотына жоғарыда аталған құжаттарды дайындау үшін қажетті 1300-1500 фунт стерлинг көлемінде соманы аударуды сұрайды. Сенгіш қазақстандықтар талап етілетін соманы (кейде қарыз қаражат есебінен) төленгеннен кейін алаяқтар байланысқа шықпайды. Осындай компаниялардың бірін қауымдастық тексеріп, оны британдық компания тізілімінде тіркелгенін, оның иесі испан азаматы екендігін және жарғылық капиталы тек 1000 фунт стерлинг екендігін анықтады. Яғни, аталған компания шетелдік қызметкерлерді жалдауға және оларға жоғары жалақы мен әлеуметтік қамсыздандыруды қамтамасыз ету қабілетсіз болып табылады.

ҚР СІМ қалыптасқан жағдайды және қазақстандықтарға қатысты алаяқтық әрекеттердің күшеюіне алаңдайтынын мәлімдеп, мұндай әрекеттерді тоқтату үшін бірқатар алдын алу және түсіндіру шараларын қабылдауды қисынды деп санайды. Осыған орай, халық арасында осы алаяқтық тәсімдер туралы түсінік шараларын өткізу мақсатында назарларыңызға ұсынамыз.

Л.Бағытжанова,

аудандық Әділет басқармасының басшысы.

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Соңғы жаңалықтар

Біріңғай мемлекеттік байланыс

Aqprint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521