«Ақ босағаның - алтын діңгегі»

Кез келген адамның əдептілігі мен жан-дүниесінің сұлулығы ең алдымен балаға ақ сүтін беріп, əлпештеп өсірген ана жүрегінің жылуынан басталатыны белгілі. Ұлылардың ұлағаты, тағылымды өсиеттерінен ана – қоғамды қозғаушы күш, бірлік-тірлік негізі, ел бейнесін айқындайтын өмір айнасы, ел тұтқасы екендігін білеміз. 8 наурыз Халықаралық аналар мерекесіне арнап Елтай ауылында кітапханшы Мархаба Наринованың ұйымдастыруымен «Ақ босағаның - алтын діңгегі» атты сыр- сұхбат кеші ұйымдастырылды.

Тағылымы мол шараға ауылымыздың аяулы аналары арнайы қонақ етіп шақырылып, олардың отбасының діңгегі болуының сырларымен бөлісуіне əр түрлі сұрақтар қойылып, жанұядағы жағдаяттардан шығу жолдарын, бала тəрбиесіндегі ананың рөлінің маңыздылығы туралы сырласты. Кештің шынайылығы сол, қоғамдағы ана тəрбиесі тəрбиенің мəйегі екендігін тереңірек ұғынарлықтай əсерлі болды.

Сыр –сұхбат кешінің қонақтары Мұхсина Сиғуатқызы, Баян Шерəліқызы, Мейрамгул Мəдиқызы, Айнұр Батырғалиқызы , Асылзада Қанатқызы сұрақтарға жауап беріп, жарасымды жанұя болудың сырларымен бөлісті. Кештің көрігін Асыл Кенжеғалиева өзінің əсем əнімен қыздырды. Әйел-ананың бейнесі қандай болса, сол елдің бейнесі, салт-дəстүрі сонымен өлшенеді десек, қай салада да көшбасшы бола біліп оны өмір тəжірибесімен дəлелдеп жүрген аналармен өткен кездесуде тосын сыйларын ұсынған нəзік жандылардың жұбайлары, ауылдық ардагерлер алқасының төрағасы өз құттықтау лебіздерін жолдап, кештің əсерін арттыра түсті.

Жазушы Мұхтар Мағауин: «Әлемдегі ең сұлу – қазақ əйелі: менің жарым, менің анам, менің қызым. Қазақты қазақ қылған осы əйел болатын, сұлу ғана емес, сымбатты, мінезді, ақылды, адал жар, абзал ана, ағайынға қамқор, ауыл- аймаққа құт, ердің мақтаны, елдің көркі», – деп қазақ əйеліне тамаша бір баға берген екен. Осындай бағаға лайықты ауылдың аналарымен өткізілген тамаша сыр-сұхбат болашақ ұрпаққа бағыт- бағдар беруде ізгіліктің нұрын құяры сөзсіз.

Айнур Рыскалиева

Кітапхана оқырманы

Елтай ауылы

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Соңғы жаңалықтар

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AQPARATPRINT