Индерлік Мұқсиев Асқар Мұқсиұлын Атырау өңірінде танымайтындар кемде-кем. Өйткені, ол жұмыс таппай қалған жігіттердің көбіне мұнай кәсіпшіліктеріне жұмысқа орналасуына жағдай жасап келеді. Әсіресе, ел тәуелсіздігінің алғашқы жылдарындағы қиыншылық кезеңде талайға қолдау білдірді. Сондай-ақ, Асқар Мұқсиұлы қазіргі ел алаңдап отырған атом электр стансасының да маманы. Алғаш еңбек жолын да осы аэс-тен бастаған болатын.
ЕҢ АЛДЫМЕН – ҚАУІПСІЗДІК
Украинадағы Чернобыль атом электр стансасы жарылып, әлем тарихындағы алапат апат орын алған кез әлі ұмытылмайды. Апат аймағын залалсыздандыруға ре спубликамыздан да мыңдаған адам көмекке барды. Ал осы дүмпу кейіпкеріміз Асқар Мұқсиұлының атом саласының оқуын таңдауына да сеп болыпты. Кейіпкеріміздің 1986 жылы Индербордың М.Әуезов атындағы орта мектебінің 9 сыныбын аяқтаған кезі болатын. 10 сыныпты жалғастырмай, 8 сыныптың аттеста тымен Ленинград қаласына жол тарта ды. Қазіргі Санкт-Петербург аталатын қалада энергетикалық техникумның атомды электростансасының парогенераторлық қондырғысы бөліміне «техник-механик» мамандығы бойынша оқуға түседі. Оқу кезеңінде Литва елінде орналасқан Игналинск атомды электрстансасында тәжірибеден өтеді. 1990 жылы аталған техникумды аяқтаған соң Ленинград атом стансасының реакторлық цехын да еңбек жолын бастайды. – Ленинградтағы АЭС-те РБМК типті реакторлар жұмыс жасайды. Стансаның техникалық қызмет көрсетуі жақсы жолға қойылған. Стан са іші тап-таза, өндіріс орны емес, ауруханаға кіргендей әсерде боласың. АЭС-тің игілігін жергілікті халқы көріп отыр. Атом электр стансасы Қазақстанның болашағы үшін керек. Бұрын үйдегі пешті ағаш жарып, тезек жағып жылытып келсек, кейін қауіпті болса да көгілдір отырға көштік қой. Атом энергиясының да зор мүмкіндігін осындай жағдаймен салыстыруға да болар. Әрине, ең алдымен қауіпсіздігі, мамандар даярлау мәселесі күн тәртібінде болуы керек. Елімізде АЭС салу мәселесі рефе рендум арқылы шешілетіні дұрыс бол ды. Өйткені Президент энергетикалық қауіпсіздік екендігін, ал бұл дегеніңіз мемлекеттік қауіпсіздікке байланысты екенін айтты. Сондықтан мұндай ауқымды мәселені халықтың шешкені - құптарлық жағдай, – дейді Асқар Мұқсиұлы сөзге тартқанымызда.
«ШЕТЕЛДЕН ҮЛГІ АЛАТЫН ТҰСЫМЫЗ КӨП»
Одақ тарап, еліміз тәуелсіздігін алған жылдары Дәру апай шетте жүрген кенже баласы Асқардың елге қайтқанын жөн көреді. Әрине, ол кез де ауданда оған дайын тұрған жұмыс көзі жоқ еді. Елдегі кәсіпорындар мен шаруашылықтар тарап, жұмыссыздық белең алып жатқан қиын шақ болатын. Сондықтан ол «Теңіз» кенішіне жол тартып, еңбекке араласты. Қарапайым жұмысшы бола жүріп, жұмыс бары сында озық идеяларымен көзге түсіп, бригадир, учаске басшысы болып қызметі жоғарыға өрлей берді. Қазір «Денхолм Жолдас» груп ЖШС Атырау қаласында орналасқан бас офисінде бас менеджер болып еңбек етуде. Қазақстан-Британ бірлескен кәсіпорны болып танылатын бұл компания мұнай-газ секторындағы мұнай және газ өңдеу және дайындау зауыттарына техникалық қызмет көрсетуге және күрделі жөндеу, дайындау жұмыстарына, сондай-ақ зауыт жабдықтарын жалға алуға маманданған жетекші сервистік компания болып табылады. Компания 1999 жылдан бері еліміздің батыс өңірінде жемісті қызмет атқарып келеді. "Тенгизшевройл» ЖШС-мен көпжылдық келісім-шартқа отырған. "Денхолм Жолдас" Қазақстанның негізгі өндірістік объектілеріндегі операциялық қызметті қолдау үшін пайдаланылатын Теңіз, Қарабатан, Атырау және Ақсай учаскелеріндегі кеңселер мен базаларға ие. Компанияның негізін отандық қызметкерлер құрайды. Мұнда әртүрлі тренингтер мен тәлімгерлік бағдарламалары арқылы жергілікті қызметкерлердің өсуі мен дамуына күш салуды жалғастыруда. Биыл бірлескен компанияның құрылғанына 25 жыл толды. – Компания күрделі жөндеу кезеңдерінде 4 мыңға дейін адамды жұмыспен қамтыды. Иә, қолдан кел генше Индердің жігіттерін жұмыспен қамтуға қолдау білдірдім. Бірақ бұл ісіме ештеңе дәметкен емеспін. Қазір де Индердің біраз жігіттері еңбек ету де. Мүмкіндіктерінше отбасыларын асырап, үйлерін салып, көлігін алып, жағдайын жасауда. Біразы бізден зейнеткерлік демалысқа шығып, от басында ұрпақтарының қызығын көріп отыр, – дейді ол. Асқар Мұқсиұлы қазақ және орыс тілімен қатар, ағылшын тілін де меңгерген. Қызмет барысымен компанияның басты офисі Шотлан дия еліне де талай жолы түсіпті. – Шотландия және Англия елдерінен үлгі алатын тұстарымыз көп. Тұманды елдің елді мекендері өте таза, ғажайып табиғатын да жергілікті халқы қамқорлай білетіні, жанашырлық танытатыны маған ұнады. Әрі адамдарының бір-бірімен сөйлесу мәдениеті де өте керемет, - дейді ол. Сондай-ақ ол еркін күрестен бапкері Сәттіғұл Әзербаев жа рысын халықаралық деңгейде ұйымдастыруына атсалысып, бірнеше мәрте демеушілік танытты. Талантымен танылған кейбір жерлес өнерпаздарға да сапалы музыкалық аспап жасатуына да жәрдемдесті. Кешегі көктемдегі ақ Жайық тасығанда да өр суынан қорғану жұмыстарына өзінің үлесін қосты.
АУЫЛ ЖІГІТТЕРІ НЕ ДЕЙДІ?
Көптеген индерлік жігіттерді табысы мол ауысымдық жұмыстарға кіргізуге сеп болғанын жоғарыда айттық. Мысал ретінде олардың бірқатарын да сөзге тартайық. – Бұл компанияның елімізде қарқынды жұмыс жасауына Асқар Мұқсиұлының үлесі зор. Ол Индердегі ауысымдық әдіспен жұмыс жасайтын жігіттердің 50 пайызын жұмысқа кіргізді десем артық айтпаған болар едім. Өзіме де жұмысқа кіруіме қолдау болды. 2002 жылдың басында құрылыс жұмыстарына арналған саты дайындауға қарапайым жұмысшы болып кірдім. Кейін жұмысымды жауапкершілікпен атқарғандықтан осы салада бригадир, учаске басшы сы міндетіне жоғарыладым. Қазір жұмысшыларға қауіпсіздік жөніндегі оқытушы болып қызмет атқарып келемін. Асекең Индердің осындай та лай жігітін жұмыстан шығайын деп тұрған жерінен де арашалап алып қалғанына куәміз. Оның осы компанияға кіргізген жігіттерінің арасында біліктілігін арттырып, ТШО сынды іргелі кәсіпорындарға орналасқандары да бар. Талай басына іс түсіп, қиындыққа тап болған отбасыларға да көмектесіп жүр. Ауылдағы бірқатар спорт жарыстарының өтуіне де демеушілік танытып жүрген жомарт жан, - дейді индерборлық тұрғын Талғат Пыштыбаев. – Соңғы 20 жылдан бері «Денхолм Жолдас» компаниясында еңбек етіп келемін. Қазіргі қызметім – клапан шы техник. Мұнай мен газды айдай тын компрессорлық ысырмаларды, кранттарды қайтадан пайдалану үшін судың және ауаның қысымымен тазартып жуып отырамыз. Асқар құрдасымыз жұмыс бары сында да ауылдың жігіттерін қолдап жүреді. Индерге деген оның еңбегі зор, - дейді жарсуаттық тұрғын Нұраш Тәженов.– Аудандағы кәсіпорын-мекемелер жабыла бастаған 90-шы жылда ры біз де «Теңіз» кенішіне жұмыс жасауға ұмтылдық. Сонда Асекеңнің қолдауымен осы 2001 жылы «Ден холм Жолдас» компаниясына жүк тиейтін кранға ілуді, байлауды жүзеге асыратын қарапайым жұмысшы болып кірдім. Арада бір жылдан соң мұнай қондырғыларын сумен тазар ту мамандығын игеріп, оператор болып жұмыс жасадым. 2007 жылы супервайзерлікке, ал 2019 жылдан бері ұлттық супервайзер қызметіне жоғарыладым. Қазіргі қызметімде жұмысшылардың атқаратын жұмыс көлемін ұйымдастыру шараларын атқарамын, – деді индерлік Нұржан Ералин.
«ТУҒАН ЖЕРГЕ ЕШТЕҢЕ ЖЕТПЕЙДІ»
Кейіпкеріміз Асқардың әкесі Мұқси Құмарғалиев ауданда тауартану сала сында еңбек етіпті. Өкінішке орай, 37 жасында ерте дүниеден озыпты. Сон да кейіпкеріміз Асқар бар болғаны 4 жасар бала екен. Отбасында 7 баланы анасы Дәру Құмарғалиева ешкімнен кем қылмай өсіріпті. Апайдың кезінде атқару комитетінде, аудандық партия комитетінде есепші болып қызмет атқарғанын жерлестері жақсы біледі. Ал өзінің отбасында жұбайы Ғалия Зинуллина Карлқызы – фи зика-математика пәнінің мұғалімі. Қызы Аида Алматы политехникалық университетін тәмамдаған. Қазір Жамбыл облысында тұрмыста. Ұлы Әнуарбек Каспий өңірінің қазіргі заманғы колледжін АИТИ мамандығы бойынша аяқтаған. Кіші қызы Анеля Алматы қаласындағы Әл Фараби атындағы Ұлттық университетін бітірген. Қазір екеуі де мамандықтарына сай еңбек етуде. – Байқаймын, қазір кейбір жа стар жасы үлкейген ата-анасын тастап, баламның болашағы үшін деген өзіндік дәлелмен Атырау мен Алматыға көшіп жатқандар бар. Егер баланың санасында болса, ол жетістік көгіне ауылдан да, ауданнан да шығады. Қазір ауылда өскендер де шетте қалып жатқан жоқ. Өзімнің қызметім Атырауда болғанмен, көңілім – туып-өскен жерім Индерде. Қайда жүрсем де туған жеріме асығып тұрамын. Туған жерге ештеңе жетпейді, – дейді біздің кейіпкеріміз Асқар Мұқсиұлы.
Саламат БАЗАРБАЕВ